Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 ж. 17-25 ақпан аралығында Шығыс-Қазақстан облысына шығу сапары

Image title


ШҚО облыстық прокуратурасында "Қасіретті қаңтар " кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке іліккен азаматтардың туған-туыс, ата-аналарымен кезіктік.

Әр- бір жағдаймен жеке-жеке танысып,  азаматтардың жағдайын жақсарту үшін прокуратура өкілдерімен әңгімелестік.

Біз өз уәжімізді,  ата- аналар өз уәжін,  прокуратура өкілдері өз уәждерін айтты.

Жалпы,  азаматтардың басым көпшілігі СИЗО дан шығып жатыр, кеше 7 адам  СИЗО дан шықты. Қалған азаматтардың тағдырын қарастырудамыз.

Прокуратура өкілдерімен әр- бір жағдай бойынша терең, жан-жақты, әділетті түрде зерттейтін болып келістік.