Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапар.17 мамыр 2022 ж. Сайлаушылармен алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы туралы пікірталас.

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid0zexkWdTgDVqiAPNpoW8Exy16tfzKdspddZdaiyfH5p7tnpoXmicgq51MzJxgvxGPl/?

#Referendum_AMANAT

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада референдум өткізу жөніндегі штаб өкілдерімен кездесу болды.

Кездесуге облыстың жан-жағынан қоғам белсенділері келді.

Кездесу барысында еліміздегі саяси реформалар, "Жаңа Қазақстан" философиясының мәні, Референдум мәнісі жөнінде терең әңгіме болды.

 Ұстаз Тұрсынова Сәуле "еліміздің экономикалық ресурстарының халыққа қызмет етуі тетіктерін жетілдіру мәселесін" атап өтті.

Қала тұрғыны Смайлова Күлімкөз "жастарға әлеуметтік лифт және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлеу режимін жетілдіру" мәселесін терең қозғады.

Мектеп директоры Уәлиева Айгерім "мектеп оқушыларын бір рет тамақпен қамту қажет" деп атап өтті.

Ләззат Жалмұқанова Қызылжар өңірі референдум мәселесін толық қолдайтындығын жеткізді.

Кездесу позитивті дискуссия,  плюрализм деңгейінде өтті.