Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысына 2022 жылғы 26 мамырдағы іс-сапар. Сайлаушылармен алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы туралы пікірталас.

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid0N6S6wnAkTXPV5tPfXAKbCbXSFtZrR3sU5eyAYmTpDBuakrnSSXkQsofeY9BtW5q1l/?

ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті елді мекенінде жұртшылықпен кездестік.

Кездесу барысында еліміздегі саяси реформалар және Конституцияға өзгерістер жөнінде бүкілхалықтық референдум мәселесі талқыланды.

Кездесу өте қызу және мазмұнды өтті.

Рәтбек Арынұлы ақсақал еліміздегі саяси өткір сұрақтарды ашық талқылау керек екендігін баса айтты.

Хайдар Шайзадинов Конституциялық реформалардың ел мүддесіне сәйкес келетіндігін айта отырып, аймақтық инфрақұрылым проблемасына тоқталды. Омск-Майқапшағай халықаралық трассасының Қалбатау-Боғас учаскесінің проблемасын жеткізді.

Сләмбек Мұқашев ағамыз "Конституциялық өзгерістердің болашақ ұрпаққа әкелетін жақсылығы мол, сондықтан референдумға барып, жақтап дауыс беру керек" деп кесіп айтты.

Жалпы, Көкпекті өңірі референдумды жақтайды, азаматтар халық арасында түсіндіру жұмыстарының қызу жүріп жатқандығын айтты. Image title