Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысына 2022 жылғы 27 мамырдағы іс-сапар. Сайлаушылармен алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы туралы пікірталас.

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid02cyjuipeWzKGb48xvecaxfdxzwFCZ5z8SJFSMKRcUxNNqtt1Yvk5kUZ4zGFmkypHAl/?

#Referendum_AMANAT

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қабанбай елді мекенінде жұртшылықпен кездестік.

Кездесу барысында еліміздегі саяси реформалар, Конституцияға қатысты референдумның мәні мен маңызын қарастырдық.

Қабанбай ауылы азаматтары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси курсын толық қолдайды!

Референдумға қатысып, жақтап дауыс беретіндігін бір ауыздан мәлімдеді.

Құрманов Семейхан ағамыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамаларын толық қолдай отырып, мемлекеттік идеологияны дамытып, ұлттық дәстүрді насихаттау мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты.

Әлдебеков Нұхахмет шекаралық аудандарды дамытуға жаңа серпін қажет екендігін баса айтты.

Жалпы, Қабанбай ауылдық округінде инфрақұрылым дамыту мәселесін жан-жақты қарастырдық.

Ауыл азаматтары болып жатқан саяси өзгерістерді өте жылы қабылдап отыр.