Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысына 2022 жылғы 30 мамырдағы іс-сапар. Сайлаушылармен алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы туралы пікірталас.

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid0wA4EDqQ2jn6F1cqwXFCbqSGF94fUrStsk6YZKVHBgHRFRSqusfweyH2sRMS9K9jnl/?

#Referendum_AMANAT

ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында жергілікті жұртшылықпен кездесу өткіздік.

Кездесу барысында еліміздегі саяси реформалар,  Конституцияға қатысты референдумның мәні мен маңызын қарастырдық.

Кездесу өте қызу және жоғарғы деңгейде өтті.

Зайсан халқы саяси өте белсенді, қоғамдық өз принциптік көзқарасы бар.

Бүйіншаров Мырзабек ағамыз  ауылды дамыту,  шекаралық аудандарға көңіл бөлу проблемасына тоқталды. Мырзабек ағамыз жұртшылық референдумды толық қолдайтындығын жеткізді.

Қабылов Мәлік ақсақал тері,  жүн,  сүт өнімдерін өңдейтін шағын заводтар салу керектігіне назар аударды. Мәлік ағамыз да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси курсын аудан халқы толық қолдайтындығын айтты.

Әбіғалиева Сәния апайымыз білім беру, денсаулық сақтау саласын жергілікті бюджетке қайтару мәселесін қозғады.

Сәния апайымыз референдумды толық қолдайтындығын білдірді.

Дүйсенов Тұрсын ағамыз "ұрпақтар сабақтастығы мәселесі" тұрғысынан  референдумның маңызын айтты.

Алтыбаев Қалибек ағамыз бірлік, ынтымақ,  ықпалдастық құндылықтарының маңызына тоқталды.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин ағамыз  ауданның әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерінің артып келе жатқандығы жөнінде нақты цифрлар келтіре отырып,  ары қарай қарышты дамудың динамикасына көз жүгіртті.

Жалпы,  аудан халқы саяси жоғары, рухани деңгейі биік қауымдастық, референдумның халыққа  игілік әкелетіндігіне сеніммен қарайды.