Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысына 2022 жылғы 30 мамырдағы іс-сапар. Сайлаушылармен алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы туралы пікірталас.

Image title

 

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid033v7wtfGyqFTq4PWkFXytdnuN6ujwyBkbpBWVG7tLNTUEJ89iR3RJ61UCgzZPrKMxl/?

#Referendum_AMANAT

ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ  ауылды мекені жұртшылығымен кездестік.

Кездесу барысында еліміздегі саяси реформалар, Конституцияға қатысты референдумның мәні мен маңызын қарастырдық.

 Мақрамов Марат жер, мемлекеттік тіл, аудан халқын газбен қамтамасыз ету проблемаларын қозғады.

Ілияс Мапаш аналар жәрдемақысы,  бинеске грант ұсыну мәселесіне назар аударды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси курсын толық қолдайтындығын жеткізді.

Мүтәсіл Кәлем Отан мен Аманат құндылықтары, Ел мен Жер мәселесін терең қойды.  Ақсақал "елдің бірлігі  пен ынтымақтастық мемлекеттіктің тірегі" екендігін мәлімдеді.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тауасаров Қадылбек "жастарға құқықтық оқу мәселесі өте өзекті. Жастардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыру өзекті" деп атап өтті.

Қарабұлақ ауылы референдумды толық қолдайтындығын жеткізді.