Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 31 мамыр -4 маусым аралығы 2021 ж.


Image title


Әр- бір депутаттың басты миссиясы  «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

Осы мәселе туралы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің  мүшелері, депутаттар Г. Қ.Бижанова, И. И.Панченко баяндамалар жасады.

II. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

Бұл сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә. А. Ерғалиев, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, депутат Ж.Ә. Ахметбеков баяндамалар жасады.

III. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

 Баяндамашылар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы А. С. Сапаров, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы, депутат Б. С. Оспанов.  

IV. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым). 

Бұл мәселе бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі , депутат Б. А. Бекжанов баяндамалар жасады.

1.Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелерін дамыту бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»  заң жобасы бойынша жұмыс тобында жұмыс жасадым.

2.Сейсенбі күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы болды. Отырыста комитет төрайымы Айгүл Құспан ханым төрағалық етті. Аталған отырыста «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде сұрақтар талқыланды.

Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелерін дамыту бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», заң жобаласы бойынша жұмыс топтарында талқылаулар жалғасты.

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу»  жұмыс тобына қатыстым. 

5. «Заң» газетінің тілшісі, Фейсбуктағы досым Айша Тұрмағанбетоваға Мәжілістің жұмысының әр-түрлі қыры мен сыры жөнінде интервью бердім. Интервью өте қызу өтті. Журналисттің сұрақтарынан өзіме қажетті көптеген тәлім алдым.

6. Еліміздегі жер қатынастарының шешілмей жатқан мәселелеріне қатысты Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдерімен онлайн режимде консультация өткіздім.

7. Ішкі істер министрлігі өкілдерімен мектеп, бала бақшалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мәселесі бойынша онлайн консультация өткіздім. Министрлік өкілдерімен бұл мәселені бірігіп бақылауда ұстайтын болып келістік.

8. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4344652655578511/?