Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 7-11 маусым аралығы 2021 ж.

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде.

Бұл сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. К. Жамаубаев, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Н. Н. Годунова және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат А. М. Жамалов баяндамаларын жасады.

II. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).

Осы мәселе туралы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің  мүшесі, депутат Г. Қ.Бижанова баяндады.

III. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  жобасы жөнінде (екінші оқылым). Осы заң жобасы бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Ж. Ә. Омарбекова  сөз сөйледі.

IV. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым). Баяндамашы Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы, депутат Б. С. Оспанов.

1.Дүйсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелерін дамыту бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобында жұмыс жасадым. Заң жобасының талқылыулары өз мәресіне жетті.

Бұл заңда Жер комиссиясының қабылданған шешімдерін заңдық түрде рәсімдеу шаралары қарастырылған.

Ең негізгісі, ауыл-аймақтағы жайылым проблемасын шешудің тетіктері бар.

2. Сейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобында жұмысты жалғастырдым.

3. 31-канал журналисттерімен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласының базарларындағы баға мәселесіне мониторинг жасадық. Ол жөнінде есеп осы желіде көрсетілген.

4. Хабар, Қазақстан каналдарының журналисттеріне еліміздің ішкі саясатының басым аспектілеріне қатысты интервьюлер бердім.

5. Ұлттық Кеңестің екі жылдығына байланысты өткізілген Дөңгелек стөлдің жұмысына қатысып, Ұлттық Кеңестің елімізідегі саяси реформаларды атқару барысы жөнінде сөз сөйледім.

6.Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4365428976834212/?