Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 14-18 маусым аралығы 2021 ж.


Депутаттық жұмыстың апта хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I - II. Р.Е. Нұрпейісовті, Ю.Ф. Энгельді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері қызметіне тағайындау туралы. Бұл сұрақтар бойынша Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат М. Ә. Құсайынов баяндама жасады.

III- IV. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.С. Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасын сайлау туралы. Бұл сұрақтар бойынша Мәжіліс төрағасы Н. З.Нығматулин және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А. А. Смағұлов сөз сөйледі.

V. «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

VI «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Осы заң жобалары туралы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат А. С. Құспан баяндама жасады.

VII - VIII «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде. Осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Н. А. Ноғаев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Д. Н. Тұрғанов баяндамаларын жасады.

IX «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым). Баяндамашы: Экономикалық реформа және өңірлік  даму комитетінің төрағасы, депутат А. П. Рау.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашық және әділетті өтуін қадағалау керектігіне баса назар аударды.

1.Дүйсенбі және бейсенбі күндері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс топтарында жұмыс жасадым.

2. Сейсенбі күні «Қазақстан Республикасы - Польша Республикасы» парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ мүшелерінің онлайн  кездесуіне қатыстым.

3. Сәрсенбі күні Индустрия және инфрақұрылым дамыту Вице-министрі Берік Камалиевпен кездесіп, "Қалбатау-майқапшағай" тас жолының салу сапасы, менрзімі жөнінде консультация жүргіздім.

Кездесу қорытындысы бойынша, шілдеде ШҚО, Тарбағатай ауданында министрлік өкілдері, мердігерлер, жерлігікті жұртшылық өкілдерімен аталған мәселе бойынша жиналыс өткізетін болып келістік.

4. Жұма күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Қ.Е. Көшербаевпен еліміздің ғылыми қоғамдастығы ел жастарында инженерлік ойлау дағдыларын тәрбиелеу үшін «Болашақ инженерлерінің форумы» тұрақты алаңын құру туралы мәселе бойынша кездесіп және хат жолдадым.

5. Осы күні Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы мен Халықаралық еңбек ұйымының бірлескен жұмыс нәтижесінде халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуларымен жүзеге асырылған «Стандартты емес еңбек қатынастары, тәуелсіз, платформалық және формальды емес жұмыспен қамту басым секторлардағы Қазақстан кәсіподақтарының іс-қимыл стратегиясын анықтау» тақырыбындағы жобаның таныстырылымына қатыстым.

6. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.



https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4384268794950230/?