Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қысқаша VII шақырылымның 1 сессиясының нәтижелері туралы

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4397975543579555/?

Сонымен, Мәжілістің 7-шақырылымының бірінші сессиясын қорытындылайтын уақыт келді.

 "Nur Otan" Фракциясының Мәжіліс депутаттарының  іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Палатаның жұмыс стилі, бет бұрысы көбінесе,  Спикердің модераторлық деңгейіне, қоғамдық позициясына,  рухани болмысына байланысты.

Осы тұрғыдан келгенде, Нұрлан Зайроллаұлының жұмыс стилі, басқару тәсілдерінің депутаттардың творчестволық потенциалын аша отырып, депутаттарға  дұрыс бағыт-бағдар сілтеп жіберіп, ақыл-ойымен бөлісу қабілетін баса айтқан жөн.

Бүгінгі Пленарлық отырыста Спикер Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин осы сессияның қорытындысына тоқталды.

 "Ауыз толтырып" айтатын мәселе баршылық.

I.Ең бірінші, осы шақырылымда  депутаттардың 70- пайызы жаңарды, жас қоғам өкілдері, аймақтардан жаңа күштер келді.

II. Мәжілістің Пленарлық отырыстары, комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстары Мәжілістің сайтында онлайн режимде өтті.

III. Осы шақырылымда "парламенттік оппозиция" институты толыққанды жұмыс істей бастады.

Енді нақты фактілер мен цифрларға жүгінейік.

1. Осы сессияда 23 Пленарлық отырыс болды, аталған отырыстарда 129 мәселе қаралды.

2. Осы кезеңде Мәжілісте  86 заң жобасы қаралып, оның 49 Сенатқа жіберілді.

3. Мәжіліс депутаттары өздерінің заң шығару құқығын толыққанды пайдалана білді. Депутаттар бастамашылығымен осы сессияда 10 заң жобасы әзірленді.

4. Осы уақытта депутаттар Үкіметке, құзіретті мемлекеттік  органдарға  233 депутаттық сауал  жіберді. Олардың басым көпшілігі еліміздің дамуының ең түйткілді мәселесіне орай жасалған.

5. Мәжіліске келіп түсетін азаматтардың арыз-шағымдары негізінде министрліктермен тікелей жұмыс істеу жүйесі қалыптасқан.

6. Мәжіліс депутаттары тек заң шығарумен айналысып қана қойған жоқ. Осы кезеңде еліміздің ең өзекті мәселелері бойынша Дөңгелек үстелдер, комитеттердің көшпелі отырыстары, халықаралық онлайн конференциялар өткізілді.

Әрине, шешімін табуы қажет мәселе өте көп, депутаттар еліміздегі бағаның қымбаттауы, халқымыздың әл-ауқатының төмендеуі мәселелері бойынша да өзінің принципті позициясын білдіріп келеді.

Дегенмен, Мәжілістің еліміздің Заң шығарушы институты ретінде эволюциялық әдіспен, халықпен тікелей жұмыс істей отырып, қоғамның сұрауына сай  өзгеріп келе жатқандығы анық.

30- маусымда Парламенттің бірлескен отырысы болып, сонымен осы сессия тәмамдалады.

Бірақ, депутаттар каникулға кеткенімен, олар демалмайды, біздің алдымызда өңірлерге барып, халықпен кездесу белестері тұр.

Ол жөнінде бөлек хабардар ететін боламыз.

Қысқасы, сессия аяқталғанымен, біздің жұмыс тоқтамайды...