Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 6-10 қыркүйек аралығы 2021 ж.

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Е. Л. Тоғжановтың атына елімізде спортты дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал жолдадым. Толық мәтіні акаунтымда жариялаған.

Жұмыс күнімді жексенбіден бастадым, Хабар агенттігінің «Давайте говорить» бағадарламасында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін талқыладық.

Аптаның бірінші күні КТК телеарнасында Ресей саясатшысы В.Жириновскийдің Қазақстан Республикасына қарсы сөздеріне жауап бердім. В.Жириновский саяси клоун және шоумен. Оның сөздерін сарказммен қабылдаған жөн.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды.  

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде

Бұл сұрақ бойынша Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат М.Ә.Құсайынов баяндама жасады.

II. «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Осы мәселе туралы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Ж. Н. Нұрманбетова баяндады.

III. «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл сұрақ бойынша  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутатН. Г. Дементьева сөз сөйледі.

IV. «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде. Баяндамашылар: Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. М. Мырзағалиев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат А.А. Сқақова.

1.Дүйсенбі күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатыстым.

2. Бейсенбі күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысы болды. Отырыста комитет төрайымы Айгүл Құспан ханым төрағалық етті. Аталған отырыста «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары талқыланды. Отырыста Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қорғаныс Министрінің, Ішкі істер министрінің орынбасарлары, мәжіліс депутаты баяндамаларын жасады.

3.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу үшін құрылған жұмыс тобына мүше болып тағайындалдым.

4.Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастырдым.

5.Сонымен қатар, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының таныстырылымына қатыстым.

5.Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым. Азаматқа жеке қабылдау жүргіздім

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.