Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 13-17 қыркүйек аралығы 2021 ж.

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Аптаның бірінші күні  Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесу өткіздім. Пандемияның экономикаға әсері, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы, әлеуметтік стандарттарды жүзеге асыру мәселелерін талқыладық.

Сонымен қатар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Б. Мусинге хат жолдадым. Хатта біздің қоғам өкілдерінің Сбербанкпен жасалған Меморандумға қатысты қордаланған сұрақтарына жауап беруін сұрадым.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Бұл сұрақ бойынша  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитет төрайымы, депутат А.С. Құспан баяндама жасады.

II. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).    

 Осы мәселе туралы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Ж. Н. Нұрманбетова және комитет мүшесі Д. Б. Зәкиева баяндамалады. Заң жобасы бойынша құзіретті органдарға сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді.

III. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).  

Бұл сұрақ бойынша  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, депутат Ж. Ə. Ахметбеков  сөз сөйледі.  

Осы күні «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасын  жұмыс тобында талқыладық.

1.Сейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастырдым.

2. Бейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша таныстырылымға қатысып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жұмыс тобында жұмысымды жалғастырдым.

3.Осы күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысы болды. Отырыста комитет төрайымы Айгүл Құспан ханым төрағалық етті. Аталған отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорынан 2022 –   2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары талқыланды. Отырыста Мәжіліс депутаты  Симонов С.А., Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика  вице – министрлері  баяндамаларын жасады.

4.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының басшылығымен жүргізілген Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төртінші отырысына қатыстым.

5. Жұма күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобаларының  жұмыс топтарына қатыстым.

6.Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.  

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.