Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 20-24 қыркүйек аралығы 2021 ж.


Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Спикер Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин қабылданып жатқан заңдардың халық пен азаматтардың мұң-мүддесіне сәйкес болуы керек екендігін атап өтті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

1. - I. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Бұл мәселелер бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат С.В. Имашева баяндамалар жасады.

II.  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Осы сұрақ бойынша Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат М.Ә.Құсайынов баяндама жасады.    

III. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде. Бұл мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Т. Т. Дәндібаев, Халықаралық істер, қорғаныс және  қауіпсіздік комитетінің мүшелері, депутаттар А. С. Платонов, Т.С. Адамбеков баяндамарын жасады.

IV. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы.   Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б. Т. Кесебаева сөз сөйледі.

2. Жалпы отырыста «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасының төңірегінде құзіретті органга сұрағымды қойдым.

3. Сонымен қатар, елімізде балық өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша депуттатық сауалымды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Р. В. Скляр атына жолдадым.  Депутаттық сауалымның толық мәтінін және видео материалды осы акаунтымда көре аласыздар.

4. Осы күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасының  5 жылдығына орай ұйымдастырылған Форумға қатыстым.

5. Дүйсенбіде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс тобына қатыстым.

6. Сейсенбі  күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысы болды. Отырыста комитет төрайымы Айгүл Құспан ханым төрағалық етті.

Аталған отырыста         

-  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі     және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»;

- «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»        Қазақстан Республикасы Заң жобалары талқыланды.

Отырыста Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитет мүшелері С.Н. Решетников, Е.С. Тайжанов, З.Б. Сүлейменова, Н.Г. Дементьева және  Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының орынбасары Ә. Қ. Шындалиев, Қазақстан Республикасының   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О. А. Бектенов,Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі  Е. А. Қиясов,  Қазақстан Республикасының  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары М. Т. Омаров баяндамаларын жасады.

7. Осы күні: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша таныстырылымға қатыстым.

8. Бейсенбі күні  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмыс жасадым.

Сонымен қатар,  апта бойы:

9. Қазақстан Республикасы  Президентінің қасындағы Ұлттық Кеңестің аясында өткізілген экономикалық реформалар жөніндегі сараптама таныстырылымына қатысып, өз пікірімді білдірдім.

10. Еліміздегі спорт, балалар спортын дамыту проблемасына қатысты «ОРТ-Евразия» телеарнасына сұхбат бердім.

11. Сот шешімдерінің әділеттілігі принципі, сот орындаушыларының құзіретінің шегі жөнінде БАҚ өкілдерімен кездесу өткіздік. Бұл мәселе бойынша ойларым көптеген БАҚ шықты.

12. ШҚО Күршім ауданындағы Қалжыр, Күршім өзендеріде қалыптасқан экологиялық ахуал жөнінде де БАҚ өз пікірімді білдірдім. Бұл мәселеге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзі араласып, осы өзендерге   қатысты нақты тапсырмалар берді. Президент мырзаға алғысымыз, Күршім ауданы халқының ықыласы мол!

13.Тағы бір тоқтала кететін жәйт, Қазақстан жұртшылығы әлеуметтік желілерде көтерген мәселе, Р. Батырхановқа жауынгерлік ерліктері үшін, сонымен қатар жастар арасында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті   насихаттау үшін «Халық ҚаҺарманы» атағын беру мәселесін қарастыру туралы ҚР  Қорғаныс министрі атына хат жолдадым.

14. Бүгін «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу үшін құрылған жұмыс тобына төрағалық етіп, жан-жақты талқылау жүргіздік.

15. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым. 

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда

.https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4678465835530523/?