Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 27- 1 қыркүйек - қазан аралығы 2021 ж.

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

1. Бейсенбі күні  Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин экология саласындағы заңнаманың Қазақстан мемлекетінің мүдделеріне сәйкес келуі қажет екендігін, барлық заңдар азаматтардың мүддесі тұрғысынан қабылдануы керектігіне назар аударды, Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.  

Бұл мәселе бойынша Қаржы және бюджет  комитетінің төрағасы М.Ә.Құсайынов, мүшесі С.А.Симонов баяндамарын жасады.     

II.- III.   «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы», «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде.       

Бұл мәселелер бойынша   Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. А. Брекешев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы С.Ж. Нақпаев, мүшесі А.А. Сқақова баяндамаларын жасады.

2. Аптаның шаралары мен үшін жексенбіден басталды. Хабар арнасының «МӘЖІЛІС.KZ» бағдарламасында еліміздегі балық өнеркәсібінің даму жолдары туралы әңгімелестік. Толық видео материалды осы акаунтымда  жарияладым.

3. Дүйсенбі күні «Қазмедиа» орталығында   ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Ғ. Балаевамен, журналистер Мақсат Толықбаймен,  Ерлан Игисиновпен  «Astana Media Week 2021» аясында "Өзекті тақырыптарды таратудың ерекшеліктері"  талқылауына қатыстым.

4. Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс тобында жұмысымды жалғастырдым.

5. Сейсенбі күні  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым  комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен ұйымдастырған «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін «Қазақстанның қысқаша тарихын əзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысып пікір алмастым.

6. Сәрсенбі күні «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес отырысында  Шығыс Қазақстан облысындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыс жағдайын қарастырдық. Толық  ақпаратты осы акаунтымда  көре аласыздар.

7.Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатыстым.

8. Осы күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс тобына қатыстым.

9.  Бүгін     «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысын өткізу үшін Павлодар облысында іс-сапардамын.

10. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым. 

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4702172576493182/?