Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 18-22 қазан аралығы 2021 ж.

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4766291773414595/?

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

1. Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде  Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Төрағалық етті.  ҚР Премьер- Министрі А. Ұ. Мәмин қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I-II. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Бұл сұрақтар бойынша Ұлттық экономика министрі Ә. А. Ерғалиев, Қаржы министрі, Е. К. Жамаубаев, Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. А. Досаев, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты А. В. Бойчин баяндамаларын жасады.

 Отырыста «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша сөз сөйледім. Толық мәтінді және видео материалды парақшамда жарияладым.

2. Дүйсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жұмыс тобында жұмыс жасадым.

3.Сонымен қатар, бұл күні «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының кеңейтілген отырысына қатыстым.

4. Сейсенбі  күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысы болды. Отырысты комитет Төрайымы А. С. Құспан жүргізді. Аталған отырыста  «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары талқыланды. Осы сұрақтар бойынша комитет Төрайымы А.С. Құспан, комитет мүшелері С.Н. Решетников, З.Б. Сүлейменова, Ю.В. Кучинская, Е.С. Тайжанов және Қорғаныс министрінің орынбасары Д. Ш. Тұяқов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. А. Тлепов, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А. Ә. Пірімқұлов, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ә. Қ. Шындалиев  баяндамаларын жасады.

5.Осы күні «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды ZOOM арқылы қабылдадым. Жеке қабылдауым туралы ақпаратпен парақшамда таныса аласыздар.

6. Бұл күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының жұмыс топтарына қатыстым.

7. Бейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының жұмыс топтарына қатыстым.

8. Бүгін Павлодар облысына іс-сапарға аттандым.

9. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан әрі да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.