Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 25-29 қазан аралығы 2021 ж.

 

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4804049729638799/?

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

1. Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде  Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I.  «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.  Бұл мәселе бойынша Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, депутат М. Т. Ерман баяндама жасады.

II. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  бойынша  қорытынды әзірлеу жөнінде. Заң жобасы аясында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат М. Ә. Құсайынов сөз сөйледі.

III- VI.  «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Осы сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, депутат А. О. Шәкіров және Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Д. В. Колода баяндамаларын жасады.

VII-IX. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым),«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Бұл мәселелер туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. А. Брекешев, Экология мәселелері және табиғат  пайдалану комитетінің Төрағасы, депутат А. А. Милютин баяндамалады.

X. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде. Осы сұрақ бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы А. П. Рау сөз сөйледі.

2. Дүйсенбі күні «Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жақсарту» тақырыбында  Үкімет сағатында  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин баяндама жасады. Мен министр  Б.Б.Мусинге  Қазақстан мен Ресейдің «Сбербанк» АҚ    Меморандумға қол қоюы туралы сұрақ қойдым. Видео материалмен парақшамда таныса аласыздар.

3. Осы күні  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастардым.

4. Сейсенбі  күні  «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатыстым.

5. Бейсенбі күні  Атырау қаласында іс – сапарда болдым.  Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға  қатысып баяндама жасадым.

Конференцияның мақсаты – Алтын Орда тарихының ақтаңдақ беттерін зерттей отырып, тарихи сананы жаңғырту, сондай-ақ             Алтын Орданың астанасы болған Сарайшық қаласының  тарихи маңызын насихаттау. Бұл шара туралы парақшамда таныса аласыздар.

6. Жұма күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында Ресей зерттеушісі В.И. Козодойдың Ә.Бөкейхан туралы кітабының тұсаукесеріне қатыстым.

7. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша   жұмыс тобына қатыстым.

8. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым. 

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.