Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 8-12 қараша аралығы 2021 ж.

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4835924453117993/?

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

1. Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде  Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

 I. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).  Осы мәселе бойынша  ҚР  Бас Прокурорының орынбасары   Ә. Қ. Шындалиев   Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің   мүшесі, депутат Н. Р. Раззақ   баяндамалады.

II.  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Бұл сұрақ бойынша   Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М. Ә. Құсайынов,   мүшесі С.А. Симонов баяндамаларын оқыды.

III. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.  Осы заң жобасы туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Р. Н. Шпекбаев, Халықаралық істер, қорғаныс және  қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат С. Н. Решетников баяндамалады.

IV. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.    Бұл мәселе туралы  мен (видеоматериалды осы парақшамда жарияладым) және Қорғаныс министрінің орынбасары Р. Н. Шпекбаев баяндадық.

V. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.        Осы сұрақ бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Р. Н. Шпекбаев  және Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ю. В. Кучинская  сөздерін сөйледі.

VI- IX. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы»   (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»   (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  (екінші оқылым),   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» (екінші оқылым)         Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде.  Осы заң жобалары туралы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі  Д. В. Колода баяндамаларын жасады.

X. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым). Заң жобасы туралы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Б. А. Бекжанов баяндамалады.

2.Дүйсенбі күні    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастардым.

3.Сейсенбі  күні  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатыстым.

4. Сәрсенбі  күні   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмыс жасадым.

5.Бейсенбі, жұма күндері Жамбыл облысына,  мен мүшесі болып табылатын Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Мәжілістің Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың барысы және шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі туралы» деген тақырыпта ұйымдастырылған    көшпелі отырысымызға қатыстым.     Бұл шараға Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен қолбасшылық құрамы, Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Комитет төрайымы Айгүл Құспан Мемлекеттік шекараны қорғау және күзетуді жетілдіру, сондай-ақ Шекара қызметін оған қойылатын талаптардың артқанын ескере отыра одан әрі дамыту мәселелері тұрақты түрде біздің Комитетіміздің назарында екенін атап өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов мәжілісмендерді «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның іске асырылу барысы, шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі, орын алып отырған проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы хабардар етті.

 Іс-шара шеңберінде комитет мүшелері   Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында, «Қордай», «Айша-Бибі» өткізу пункттерінде, «Ақсу» шекара бөлімінде және басқа да шекаралық инфрақұрылым объектілерінде, «Чумыш» шекара маңы гидроторабында болдық.

Шекаралық инфрақұрылым объектілерін аралау барысында парламентарийлерге техника мен қару-жарақ, шекараны күзетудің техникалық құралдары, шекара бұзушыны үлгілік ұстау және Шекара қызметінің қызметтік-әскери жұмысының басқа да тәсілдері көрсетілді.

Іс-шара шеңберінде депутаттар Құдайберген Ержан мен Сергей Решетников Байзақ ауданындағы Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде (оқ-дәрілерді сақтау қоймасы) оқ-дәрілердің жарылуы салдарын жою барысын зерделеу мақсатында болды.

Көшпелі отырыс соңында депутаттар айтылған проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдарын, әсіресе бюджеттік қаржыландыру бөлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін реконструкциялау мен жаңғырту бойынша аралық қорытындыларды жинақтады, сондай-ақ көшпелі отырыс барысында айтылған сындарлы ұсыныстардың салалық заңнаманы жетілдіру шеңберінде көрініс табатыны атап өтілді.

7.Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым. 

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.