Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 15-19 қараша аралығы 2021 ж.

Image title


https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4855713011139137/?

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

1. Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде  Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

 I- II. «Қоғамдық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.    Осы мәселелер бойынша   Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Ж. Н. Нұрманбетова   баяндамалады.

III. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл сұрақ туралы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат С. В. Имашева сөз сөйледі.

IV. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде. Заң жобасы туралы  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Б. Атамқұлов, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, депутат Ж. Ə. Ахметбеков баяндады.

V. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.  Мәселе бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Б. Атамқұлов, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат С. С. Ақышев баяндады

 VI- VIII. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде (екінші оқылым). Осы Заң жобалары бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Н. Р. Раззақ сөйледі.

 IX- XI. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым)   Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде. Осы сұрақтар бойынша Экология мәселелері және табиғат  пайдалану комитетінің төрағасы, депутат А. А.Милютин баяндамалады.

 XII- XIII. «Өнеркәсіптік саясат туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде. Экономикалық реформа және өңірлік  даму комитетінің мүшесі, депутат Ғ. М. Әміреев баяндамаларын жасады.

 XIV. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).  Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат С. А. Симонов сөз сөйледі.

2. Дүйсенбі   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастардым.

3. Сәйсенбі күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатыстым.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мен мұрындық жасап жүрген  шекаралық аймақтарды дамыту мәселесін қолдап,   Үкіметке  фундаменталды шешімдер әзірлеуге тапсырма берді. Осы мәселе туралы толық ақпараттармен және видеоматериалмен парақшамда таныса аласыздар.

 4. Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастардым.

5. Сәрсенбі  күні   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмыс жасадым.

6. Бейсенбі күні «Shopan ata»  Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының ұйымдастыруымен 1 Қазақ шаруаларының Құрылтайына қатыстым. Бұл шарада келесі ауқымды мәселелер қарастырылды: Маңғыстау өңіріндегі жұт,Оның салдарымен күресу; Түркістан, Жамбыл облыстарындағы субсидия даулары туралы; Астық өңдеу мәселелері және жемнің бағасына әсері; Майлы дақылдарды, жүн өңдеу мәселелері; Ауылшаруашылық саласын субсидиялаудағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері; Жылқы шаруашылығын дамыту; Ауылшаруашылығын қаржыландыру мәселелері.

7. Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмыс жасап, Экономикалық реформа және өңірлік  даму комитетінің осы мәселелер бойынша  кеңейтілген отырысына қатыстым.

8. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым. 

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.