Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 22-26 қараша аралығы 2021 ж.

Image title


https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4878476625529442/?

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

 I.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).       Бұл мәселе бойынша Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтанов, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат Е. В. Смышляева  баяндамалар жасады.

II.   «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.   Осы сұрақ бойынша  Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтанов, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат С.М. Ертаев  баяндамалады.    

     

III.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).  Осы Заң жобасы туралы     Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат С.М. Ертаев  сөз сөйледі.

 

IV. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).    Осы сұрақ  бойынша   Қаржы және бюджет комитетінің  мүшесі, депутат  Д. К. Әлімбаев баяндама жасады.

V. «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде.   Бұл мәселені Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі А. В. Бойчин баяндады.  

2. Жалпы отырыста  еліміздегі тұрмыстық көмір мәселелері туралы депутаттық сауалымды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың атына жолдадым.  Депутаттық сауалдың толық мәтінімен және видеоматериалымен парақшамда толық таныса аласыздар.

 

 

3. Дүйсенбіде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмыс жалғастырдым.

4. Бұл күні Қазақстан телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында  Президентіміздің қолдауын тапқан мен мұрындық жасап жүрген  шекаралық аймақтарды дамыту мәселесі туралы пікірімді білдірдім. Бұл мәселе туралы толық ақпараттармен және видеоматериалмен парақшамда таныса аласыздар.

5. Сейсенбі  күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысы болды. Отырыста комитет төрайымы Айгүл Құспан ханым төрағалық етті. Отырыста «Қоғамдық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары жөнінде Мен және Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. А. Тлепов баяндамаладық. Заң жобаларының негізгі мақсаттары азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету және азаматтардың қажеттіліктеріне ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін арттыру. Бұл заңдар жобаларында қарастырылған онлайн - петиция институтының елді мекендердің интернетпен толық қамтылмауына байланысты нормаларды жүзеге асыруда туындайтын тәуекелдерді қызу талқылау жасадық.  

Сонымен қатар Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру маселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде. Бұл мәселе бойынша комитетіміздің мүшесі  депутат А.С. Платонов және  заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат   Е. В. Смайлов сөздерін сөйледі.

6. Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды дайындау жұмыс топтарының мүшесі ретінде  Экономикалық реформа және өңірлік  даму комитетінің   кеңейтілген отырысына қатыстым.                                                                                               

7.  Сонымен қатар, сейсенбіде «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Қаулысына сәйкес партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатыстым.    Отырыста Елбасы   партияның Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап: «Партияны ел Президенті басқаруға тиіс», - деді. Өкілеттіктерді тапсыру рәсімі партияның Жарғысына сәйкес орындалатын болады. Бұл тарихи шешім туралы Қазақстан телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында пікірімді білдірдім және  парақшамда  таныса аласыздар.

8. Бейсенбі күні ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының Фракциясының  отырысына қатыстым. 

  9. Жұма күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша жұмыс топтарында жұмысымды жалғастырдым.

10. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.  

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.