Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 11-14 мамыр аралығы 2021 ж.

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4280292505347860/?


Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

 I. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.Бұл сұрақ бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қ. С. Мусин баяндама жасады.

 II. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Осы мәселе туралы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М. Ә. Құсайынов баяндама жасады.

 III. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Б. Б. Мусин, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қ. Т. Ержан баяндамаларын жасады.

IV. «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Б. Б. Мусин, Халықаралық істер, қорғаныс және  қауіпсіздік комитетінің мүшесі З.Б. Сүлейменова баяндамаларын жасады.

V. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).

VI. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым). Осы екі заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. В. Смышляева баяндамаларын жасады.

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Цифрлық даму министрі Б.Мусинге еліміздің елді мекендерін сапалы интернетпен қамтамассыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

1. Сейсенбі және сәрсенбі күндері «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс топтарында жұмыстарымды одан әрі жалғастырдым.

2. Бір топ әріптестерімізбен РФ, Татарстан Республикаснсың Нұр-Сұлтан қаласындағы Өкілдігіне барып, татар халқына көңіл айтып қайттық.

3. Бейсенбі күні Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерімен «Мемлекеттің зайырлы қағидаттарын дамыту және зайырлы қоғам» тақырыбындағы кездесуімді өткіздім.

4. Бейсенбі күні Коррупцияға қарсы күрес Агенттігінің аппаратында  ақпараттық мәселе бойынша қызметкерлерімен кездесу өткіздім.

5. Жұма күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары бойынша жұмыстарымды жалғастырдым.

6. Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.

 Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.