Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Апталық хроника 17-21 мамыр 2021 жыл

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4302592206451223/?

Депутаттық қызметтің апталық хроникасы.

Сәрсенбі күні дәстүрлі түрде Мәжілістің жалпы отырысы болды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды.

I. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. 

Осы мәселе туралы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М. Ә. Құсайынов баяндама жасады.

II. «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды  әзірлеу жөнінде; III. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды  әзірлеу жөнінде. Бұл сұрақтар бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы A. A. Милютин баяндамалар жасады.

IV. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Е. Х. Барлыбаев сөз сөйледі.

V. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым); VI. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Бұл сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е. З. Тұрғымбаев, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Б. С. Дүйсенбинов баяндамаларын жасады.

VII. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж. Ә. Омарбекова, Ю. В. Жулин баяндамаларын жасады.

VIII. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым). Осы мәселе бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ә. М. Рахымжанов баяндама жасады.

Мен жалпы отырыста Премьер-министрдің орынбасары Р.В. Склярдың атына еліміздегі жол қатынастарының мәселелері, соның ішінде жергілікті аудандардың жолдары бойынша депутаттық сауалымды жарияладым. Толық мәтінімен осы аккаунтымда таныса аласыздар.

1. Дүйсенбі күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің     төрайымы Айгүл Құспан ханым комитет депуттарымен жиналыс өткізді. Жиналыста апталық жоспарды нақтылап, іс-әрекеттеріміздің бағытын сараптадық.

2. Осы күні «Nur Otan» партиясы Мәжіліс Фракциясының Президиумы болып өтті. Мен Президиумда еліміздегі жол қатынастарының мән-жайына, соның ішінде жергілікті аудандардың жолдары сын көтермейтініне назар аудардым. Осы мәселе бойынша депутаттық сауал жасау жөнінде шешім қабылдадық.

3.Сейсенбі күні Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы болды. Отырыста комитет төрайымы Айгүл Құспан ханым төрағалық етті. Аталған отырыста «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары талқыланды.

Осы күні «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобындағы талқылаулар жалғасты.

  4. Бейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелерін дамыту бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының тұсаукесеріне, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жұмыс тобына қатыстым.

 5. Осы куні осы Фейсбуктағы аккаунтымда тікелей эфирға шығып, түскен әр-түрлі сұрақтарға жауап бердім. Кейбір сұрақтар бойынша құзырлы мемлекеттік органдарға хат жолдадым.

 6. Осы күні «Рухани Жаңғыру» Ұлттық Жобасын талқылау аясында өкімет мұшелерімен кездесуге қатыстым. Кездесуді Премьер- Министр А. Мамин жүргізді. Кездесу барысында мен «Рухани Жаңғырудың» гуманитарлық аспектілерін бүгінгі технологиялық әлемнің элементтерімен ұштастырудың маңызды екендігіне назар аудардым.  

6. Жұма күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобында жұмысымды жалғастырдым.

4.Аптада атыма келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастырып, мемлекеттік органдарға хаттар жолдадым.

Депутаттардың қызметтік іс-әрекеттері «Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға бағытталған.

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері партияның стратегиялық құжаттарын ұтымды іс-жүзіне асыру үшін одан ары да күш-жігерін салып, жұмыс жасауда.