Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында талқылау

 Image title

 Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Мен бюджеттің жобасын қолдаймын.

 Бюджеттің бағыт-бағдары елімізде әлеуметтілік әділеттілік пен  қоғамдық бірлікті қалыптастыруға бағытталған.

 Бюджеттің әттеген-айлары да бар.

 Солардың ең бастысы бюджетті талқылау процессіндегі процедуралар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Күшті Президент. Ықпалды Парламент. Есеп беретін Үкімет» концепциясын ұсынды.

 Мәжіліс пен Үкіметтің арасында осы принцип іске асып жатыр ма?

Мысалы, Үкімет Мәжіліске  Бюджеттің жобасын қабылдаудан екі ай бұрын алып келеді.

Министрлер, орынбасарлар болар болмас бір айдың ішінде асығыс-үсігіс депутаттарға бюджеттің логикасын түсіндірген болады.

Бюджет  суыт қабылданады.

.

Бізге бір мезет ойланып, бюджетті жоспарлау тәсілін өзгертуді ойластыру маңызды.

Плюрализм қалыптасқан, келісу мәдениеті бар елдерде келесі жылдың бюджеті, өткен бюджет қабылданғаннан кейін Парламентке келеді, депутаттар, сарапшылар, өндірістік одақтар асықпай-саспай, ыждаһатпен, терең сараптама жасайды.

Бізге де Бюджет процессін  арсын-күрсін емес, парасатпен, ақыл-оймен, терең есептеп іске асыру мәдениетін қалыптастыру қажет.

Әйтпесе, «Есеп беретін емес, асығыс Үкімет тәрізді»

                                             *** Депутатов особо волнует тенденция  повышения дефицита бюджета.

В следующем году дефицит составит 2,9 трлн тг, для покрытия бюджета Правительство берет трансферты от Нацфонда и  делает внешние займствования.

Макроэкономические параметры Правительства должны отвечать  принципу «высокой ответственности за финансовое благополучие  наших детей и внуков».

Мы не должны жить за счет будуших поколении!

 

                                                 *** Келесі мәселе.

 «AMANAT» партиясының Фракциясы ауыл-аймақтағы, алыс өңірлердегі ағайынның тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, әл-ауқатын арттыру мақсатында қадамдар жасауда.

Фракция мүшелері   бюджет аясында, 37 – ауылды мекенді сумен қамтудың қосымша қаржылық көздерін тапты.

Біздің баршамыз, шалғай ауылдарда тұрып, мемлекетіміздің территориялық тұтастығы мен мызғымастығын қамтамассыз етіп отырған ауыл тұрғындарының алдында басымызды иуіміз қажет!

Мына аумалы-төкпелі заманда Қазақстанның территориясын тұтастығының кепілі сол жерде тұратын халық!

Сондықтан, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы болғандықтан, «Ауыл –  Ел бесігі» бағдарламасына берілген заявкалар толық қанағаттандырғаны дұрыс.

Мысалы, «AMANAT» партиясының Фракциясы  мүшелері «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы аясында 23-білім және денсаулық объектілерін күрделі жөндеуге, 18-ауылдық клуб салуға, 43-инженерлік инфрақұрылымды қалыпқа келтіруге бағытталған ұсыныстар берген.   Өкінішке орай,  депутаттардың ұсыныстары қолдау таппаған.

Үкімет ауыл халқын түсіне ме?

Келесі бюджет нақтылауында бұл мәселенің оң шешімін табу маңызды.

Заман күрделі, айналамызда «тұрақсыздық доғасы» қалыптасып келеді.

 Құрметті Премьер-Министр, Әлихан Асханұлы!

 

Президент Тоқаев 2019 жылы  Үкіметке Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырған. Үш жыл өтті.

Құрылыс монтаждау жұмыстары баяу жүруде. Өйткені, Үкімет қаржыны сыздықтатып беріп отыр. Мына қарқынмен Бұқтырма көпірін 50-жыл саламыз.

Үкімет жұмысты шапшаңдатудың амалдарын жасамаса, Президенттің тапсырмасы орындалуы екіталай!

Осы мәселені депутаттармен бірігіп, құрылысты шапшаңдатудың тетігін жасау өте маңызды!

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін, Аймақтық инфрақұрылым жөнінде етек-жеңімізді жиып алуымыз керек.

«Сақтансаң сақтаймын» дейді.

Жалпы, мен Бюджеттің жобасын қолдаймын, әріптестерімді қолдауға шақырамын!

РАХМЕТ!