Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы    Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіковке сұрақ.

Менің ойымша, министрлік өкілдері Мәжіліске дұрыстап дайындалып келуі керек.

Мәжіліс – ол  Парламент  институты.  Бұл  жерге  келген  азаматтар  болуы  ықтимал сұрақтарға, депутаттар көтеретін мәселеге дайындалып, анық - қанығына жетіп келуі керек.

Шынын айту керек, мынау ұят енді.

Менің  нақты  сұрағым  бар.  Былтыр  Өзбекстандағы  су  бөгетінің  бұзылуынан Қазақстан зардап шекті. Ондай төтенше жағдайдан екінші ел зардап шеккен жағдайда ол елге компенсация төлене ме? Мысалы, Өзбекстандағы бөгеттің жарылуынан Қазақстан

халқы да, мемлекет те материалдық зардап шекті. Осыған байланысты Өзбекстан жағы Қазақстанға компенсация төледі ме? Осындай мәселелер құқықтық жағынан реттелген бе?

Егер реттелмесе, неге реттелмеген? Осы сұрақтарға жауап берсеңіз.

КҮЛДІКОВ М.М.

Действительно, на Сардобинском водохранилище был прорыв

дамбы.

2020  жылдың  мамыр  айында  Өзбекстан  Республикасындағы  Сардоба  бөгетінің жарылуынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының бес елді мекені зардап шекті (онда жалпы  саны  6  мың  127  адам  тұрады).  Сол  кезде  Өзбекстанның  төтенше  жағдайлар министрлігі  бізге  көмек  көрсетті,  өрт  сөндіру  техникаларын,  су  соратын  насостарды жіберді, компенсация төледі.