Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша дөңгелек үстел

Депутат Е.Саиров "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын талқылау бойынша Дөңгелек үстел өткізді және қоғамдық бақылау институтын дамытуға және қолдауға бағытталатын заң жобасының новеллалары бойынша баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров "Қоғамдық бақылау туралы"заң жобасының негізгі тәсілдерін таныстырды. Дөңгелек үстелге барлық мүдделі тараптар, соның ішінде сарапшы-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның Азаматтық Альянсының басшылары Бану Нұрғазиева мен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Батталова заң жобасының маңыздылығын және оны жұмыс тобы шеңберінде егжей-тегжейлі пысықтауды атап өтті.