Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша дөңгелек үстел

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 2023 жылға дейінгі еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша көшпелі дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара "Локомотив"зауытының базасында өтті. Дөңгелек үстел барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша заңнамалық өзгерістер мен тұжырымдама жобасын ұсынды. Өз кезегінде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пішембаев қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты азайту шаралары туралы хабардар етті. Тұжырымдама жобасы туралы "ҚР Кәсіподақтар федерациясы", "тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы"өкілдері пікір білдірді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Үкіметке жолданды