Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына кандидатураны келісу

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін Светлана Қабыкенқызы Жақыпованың кандидатурасы келісілді. Мәселені мәжілісмендер "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес қарады. Отырыс қорытындысы бойынша Комитеттің Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін енгізілген кандидатураны ұсыну мүмкіндігі туралы қорытындысы қабылданды.