Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) арасындағы "Көші - қон процесстерінде балаларды қорғау" бірлескен бағдарламасы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) арасындағы "Көші - қон процесстерінде балаларды қорғау" бірлескен бағдарламасы шеңберінде басқарушы орган- Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

Үйлестіру кеңесінің міндеті стратегиялық басшылықты және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, бірлескен бағдарламаны орындау шеңберінде әріптестер арасында үйлестіруге жәрдемдесу болып табылады.

Ағымдағы жылдың  1 маусымда Қазақстанның пилоттық өңірлерінде көші-қон процестерінде  балаларды қорғау юойынша модельді тестілеу нәтижелерін таныстыру және бағдарламаны іске асырудың қорытындыларын шығару мақсатында Үйлестіру кеңесінің соңғы отырысын өткізу жоспарлануда. Осы отырысқа қатысуды мен де жоспарладым.