Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі

2021 жылы 17 наурызда

жарияланды

 

Қазақстан Республикасы   

Премьер-Министрдің орынбасары

Е. Л. Тоғжановқа

 

Депутаттық сауал

        Құрметті Ералы Лұқпанұлы


  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Ұлттық кеңесте сөйлеген сөзінде еңбек қауіпсіздігі шараларын жетілдіруге ерекше назар аударды.

        Сонымен қатар, 2020 жылы республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1 503 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық (1430) және өліммен аяқталған 208 жазатайым оқиға орын алды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық (180).

        Кәсіподақтар федерациясының мәліметінше, 192 кәсіпорында адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар орын алып, 163 кәсіпорында жұмыс берушінің кінәсі дәлелденді. Бұл ретте тек 58 кәсіпорында кәсіподақ ұйымдары бар. Бұл көрініс жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріндегі жауапсыздығын байқатады.

        Өліммен аяқталған өндірістік жарақаттанудың ең жоғары деңгейі дәстүрлі түрде құрылыс саласында (19 %), тау-кен металлургия саласында (14 %), ауыл шаруашылығында (8%) байқалады.

         «Nur Otan» партиясы әрдайым еңбекшілердің заңды мүдделерінің қорғалуын мақсат етіп келеді!

        Біз бизнес пен мемлекет арасында еңбек қауіпсіздігі үшін ортақ жауапкершілік болуы тиіс деп санаймыз.

        Үкімет пен бизнес еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігіне, елдің еңбек ресурстарының сапасын арттыруға жіті назар аударғаны тиіс!

        Жағдайды түзету үшін Үкімет келесі шараларды қабылдауы керек деп санаймыз.

        1. Өндірісте  адам қаза тапқан жағдайда жұмыс беруші оның отбасына 10 жылдық жалақының көлемінде бір реттік төлем жөніндегі талапты қалыпқа келтіру. Бүгінде кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін арттыруға ешқандай экономикалық ынталандыру жоқ. Сондықтан осы салада, адамдардың өліміне алып келетін, көзбояушылық пен формализм қаптап кеткен! Біздің туысқандар бейбіт заманда үйіне оралмай жатыр!  

         2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың нұсқамаларын орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын айқындай отырып, олардың мәртебесін құқықтық деңгейге шығару қажет. Тиісінше, еңбек саласындағы қоғамдық бақылаудың рөлі мен техникалық инспекторлардың миссиясын арттыру керек.

        3. Әлеуметтік әріптестер елдің кәсіподақтарымен бірлесіп, техникалық инспекторлардың өкілеттіктерін арттыру мақсатында салалық келісімдерге және ұжымдық шарттарға еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың өзектендірілген өкілеттіктері мен материалдық ынталандыру шараларын енгізген дұрыс.

        4. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алу мен бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қалыптастыру маңызды. Бұл материалдар  жүйелі түрде трагедиялық жағдайдың себебі, оның құқықтық салдары жөніндегі ақпаратпен  кәсіпорындар мен ұйымдарға жеткізіліп тұруы тиіс.

        5. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан, кәсіптік аурулардан зардап шеккендерді және кәсіптік тәуекелі жоғары қызметкерлерді жұмысқа орналастыру үшін қолданылатын мамандықтар Атласын әзірлеу маңызды.

        6. Еңбек қатынастарының тұтас спектрі Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы Халықаралық еңбек ұйымының №187 Конвенциясына барынша сәйкес келуі тиіс.

        «Nur Otan» партиясы үшін  ең басты капитал мен құндылық - адам және оның өмірі!

        Біз еліміздің әрбір азаматының қауіпсіз және жайлы еңбегі үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз!

        Нақты шешімдер қабылдауды және қарау нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Nur Otan» партиясының фракция мүшелері

Е. Саиров

Б.Әбдіғалиұлы

А. Сарым

Е. Бейсенбаев 

                                                                                                      Ю. Жулин

                                                                                                      Ә. Әбсеметова   

 

"   Т. Мұхсинова

'   74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz