Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал. Балық өнеркәсібін дамыту мәселелері

 2021 жылы 22 қыркүйекте жарияланды                                                                                                                                                                      Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрдің орынбасары

 Р. В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті  Роман Васильевич!

Еліміздің балық шаруашылығында қордаланып қалған мәселе өте көп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанның балық өнеркәсібі әлеуетін дамыту мәселесіне бірнеше рет назар аударды.

Қазақстан халқы жан басына шаққанда балықты аз тұтынатын ел болып есептеледі. Мәселен, егер ДДҰ бір адамға жылына кемінде 16 кг балық өнімін тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 кг-нан аз. Өз кезегінде көрші Ресей мен Қытайда бір адам тиісінше 20-40 кг балық етін тұтынады.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Қазақстанда балық аулау көлемі жылына 100 мың тоннаға дейін жеткен. Бүгінде балық аулау 46 мың тонна көлемін әрең еңсереді.

Табиғи су қоймаларындағы балық қорларын пайдаланудың өз шегі бар, ал көптеген су айдындарында балық ресурстарының төмендеуі байқалады.

Балық өнеркәсібін ұлғайтудың перспективалы бағытының бірі су қоймаларын балық аулаудан балық өсіруге қайта бағдарлау болып табылады.

Әзірге Қазақстан Үкіметі еліміздің балық саласына тиісті көңіл бөлмей келеді!

Қазақстанның балық өнеркәсібі бүгінде көршілес Өзбекстаннан артта қалып тұр!

 Өзбекстанда 2016 жылғы статистика бойынша 75 мың тонна балық өсірілді. Қазақстан бүгінгі күні бар жоғы 6,8 мың тонна балық өсіреді.

2020 жылы Өзбекстан 144 мың тонна балық өсіріп және аулаған, ал біздің елде бұл көрсеткіш 52,7 мың тонна.

Елімізде балық шаруашылығын дамыту осы саладағы мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі жеткіліксіз болуы себебінен тежелуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шаралары тек азыққа, балық питомниктері мен көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарына арналған техника мен жабдықтарға ғана қолданылады, ноу-хау преференциялар, осы саладағы ғылыми әдістемелер дамымаған.

Қолда бар су ресурстарын ескере отырып, Қазақстанда балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға дейін өсіру үшін зор әлеует бар, экспорт көлемін 10 есеге арттыруға болады. Бұл кемінде 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және әсіресе ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады.

«Nur Otan» партиясы бұл салаға баса назар аудару керек деп санайды!

   Ол үшін Үкімет мынадай шаралар қабылдауы керек!

1.Су биологиялық ресурстарды зерделеу, сақтау және молықтыру жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмыстарын қолдау шараларын әзірлеу.

2.Тауарлы балық өсіруді қолдау, аквамәдениет пен балық өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың қаржылық қолдау құралдарын (құрал-жабдықтар, құрылысқа жеңілдікті кредиттер және айналым қаражатына, субсидиялар мен преференциялар) көздеу.

3.Судың нақты шығыстарына ғана ақы төлеуді көздей отырып, балық шаруашылығы субъектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақысын қысқарту. Төлем ставкаларын төмендетуді қоса алғанда, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем механизмін жетілдіру.

4.Балық өсіруге кәсіптік оқытудың мемлекеттік жүйесін құру. Адамдарға балық өсірудің заманауи әдістерін үйрету керек.

5.Бекіре балық түрлерінің тауарлық аквамәдениетін қоса алғанда, тауарлы аквамәдениетті (тауарлы балық шаруашылығын), азық өндіру секторын дамытуды ынталандыру.

6.Қайта өңдеуге тапсырылған балық пен уылдырықтың әрбір килограмы үшін (отандық өндірушіден) тауарлық субсидиялар көздеу;

7.Отандық балық өнімдерін экспорттаушыларға жүйелі қолдау құралдары мен преференциялар көздеу;

8.Балық өсіру жүйесіне қатысатын су объектілері мен экожүйелерді қорғау жөніндегі жұмысты күшейту. Табиғат пайдалану ережелеріне сәйкестікке мониторинг және талдау жүргізу.

Нақты шешімдер қабылдауды және қарау нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Nur Otan» партиясының фракция мүшелері                  

Е. Саиров

Е. Бейсенбаев 

Е. Жаңбыршин

С. Мусабаев

Орынд.  Т. Мұхсинова

тел.:74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz