Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша есеп туралы

2022 жылы 9 ақпанда  жарияланды                                        

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы !

Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кедейшілік мәселесіне баса назар аударды.

Президент Үкімет мүшелеріне  азаматтардың  көпшілігінің әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында  жедел қадам жасауға міндетеді!

Еліміздің тарихында, халқымыздың әлеуметтік жұпыны жағдайы, Мемлекет басшысы деңгейінде  бірінші рет көтеріліп отыр!

Яғни, Мемлекет басшысы қоғамды, азаматтарды, халықты толғандыратын  мәселе бойынша ашық, шынайы әңгімеге шақырып отыр деген сөз!

Расында, халқымыздың  басым көпшілігінің әлеуметтік жағдайының төмендігі еліміздің тұрақты дамуына негізгі тежегіш болып табылады!

Қасым - Жомарт Кемелұлы 11-қаңтарда Парламентте сөйлеген сөзінде де  Үкіметке халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту, азаматтардың әл-ауқатын жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берген!

Бір ай өтті, Үкімет өз деңгейінде еңбектеніп жатқан болар, бірақ  ол жөнінде халқымыз хабарсыз.

Үкіметтің іс-әрекеттері адамдарға түсінікті, ашық болуы, қадамдары азаматтармен, сарпшылармен ақылдаса отырып қабылдануы  шарт.

Алдыңғы Үкіметтің басты проблемасы өздерінің  іс - қадамдарының логикасын, бағыт-бағдарын елге, қоғамға түсіндіре алмады, жабық стильде жұмыс істеді.

Арты неге соқтырғанын жақсы білеміз.

Тарихтан сабақ алатын уақыт жетті.

Осы орайда,  Әлихан Асханұлы өзіңіздің, Үкімет мүшелерінің Мәжіліске, қоғам өкілдерінің қатысуымен, Президент берген келесі тапсырмалар:

- кедейшілікпен күрес, жұмыссыздық мәселесі;

- кіші және орта бизнесті дамыту;

- сыртқа заңсыз кеткен капиталды қайтару проблематикасы;

«Самрұқ Қазынаны» реформалау, РОП - ты оңтайландыру мәселелері бойынша  есеп бергендеріңіз абзал.

Халқымыз нақты қадам, ұтымды шешімдер күтіп отыр!

Қоғам  Президент Тоқаевтың тапсырмаларының қалай орындалып  жатқандығы, Үкіметтің қандай жоспары бар,  тапсырманы орындауда қандай обьективті қиындықтар бар екендігі жөнінде  ашық, бүкпесіз хабардар болуы қажет.

Депутаттармен бірігіп облыс, аудандарға шығыңыздар!

Халықпен бірге ақылдасайық, шешімдерді азаматтармен бірге қабылдайық!

«Жаңа Қазақстан» философиясы ашық диалогты, шынайы дискуссияны талап етеді!

Халықтың мәселесі  тыныш кабинет шеңберінде  емес, қоғаммен бірлесіп талқыланып, шешілуі тиіс.

Аталған мәселені қарастырып, заңда көрсетілген мерзімде жауап беруіңізді өтінеміз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Nur Otan» партиясының фракция мүшелері        

Е. Саиров

Е. Бейсенбаев

А. Сарым         

 

"   Т. Мұхсинова

'   74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz