Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал. Еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиені қайта қарау туралы.

2022 жылы 4 мамырда жарияланды                                        

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа



Депутаттық сауал

Құрметті Ералы Лұқпанұлы !

Төрткүл дүниеде өте терең геосаяси шиеленістер болып жатыр.

Біздің қарулы күштерде екі проблема – қатардағы жауынгерлердің зәбір көруі, әскердің ел алдында беделінің төмендеуі байқалуда.

Бұл – мемлекетті қорғау саласындағы жүйелі проблема, азаматтар мен әскер өкілдері бұл мәселені бірігіп шешуі қажет.

Яғни, еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиені қайта қарау өте маңызды!

Әскери-патриоттық тәрбие барысында Отан қорғау миссиясына позитивті эмоционалдық, күш-жігерлік сезім, Отан қорғаудың маңызы жөнінде жас жеткіншектерге терең ақпарат беру маңызды.

«AMANAT» фракциясы келесі шешімдер қажет деп есептейді.

1. Көптеген ғалымдар «Ел, халық санасымен жасалған «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырында ел тәуелсіздігін сыртқы жаулардан қорғау сарыны үстем» деп атап өтеді. Балалық шақтан батырлар жырындағы патриоттық сезімді ардақтап, батырлықты мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттерді дәріптейтін мектепке дейінгі, мектеп кезеңіндегі бағдарлама қажет.

2. Әскери-патриоттық тәрбие процесіне «Алаш» зиялыларының ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекет идеясын халық сарбаздары жүйесін құрудан бастағаны жөніндегі терең оқу-ағарту жұмыстарын енгізуді қарастыруды.

3. Ана тіліміз, мемлекеттік тіл Ұлттық өрлеудің айнымас бөлігі екендігі жөніндегі ұғым мектепке дейінгі, мектеп бағдарламасының өзегі болуы тиіс!

4. Бейбіт күндегі қатал тәртіпке қазіргі технология заманындағы жас буынның бойы үйренбей жатыр. Сондықтан әскери патриотикаға жаңа мотивацияның тәсілін ойластыру керек.

5. Қарулы күштер құрамында әскери-патриоттық жұмысты жүйелі түрде нығайтып, жаңа технологиялар енгізу қажет (интерактивті мазмұн, геймификация тәсілдері мен игротехника/игропрактика механизмдері).

6. Әскери оқу орындарында темірдей тәртіппен қатар, адамгершілік, бауырмалдық курстарын ұйымдастыру маңызды тәрізді. Адамның тағдырын тікелей шешетін командирлердің жоғары моральдық-психологиялық дәрежеге ие болуы маңызды.

7. Жоғарыда көтерілген мәселелерді сапалы әрі жүйелі атқару мақсатында ведомствоаралық байланысты нығайту жұмыстарын координациялық кеңес форматында жасауды ұсынамыз.

Мәселені шеше отырып, заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын.


Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«AMANAT» партиясының Фракция мүшелері                  

Е. Саиров

Е. Абақанов

Қ.Абасов

М. Ахметов

Ж. Әшімжанов

Б. Әбдіғалиұлы

С.Имашева

З. Камасова

М.Құлшар

Қ. Нұр

Н. Ожаев

А. Платонов

Л. Рамазанова

Б. Сартбаев

А. Сарым

                                                                                                   Б. Смағұл

Е. Тайжанов

Ж. Телпекбаева

И. Унжакова

Г.Шиповских

 

"   Т. Мұхсинова

'   74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz