Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауылшаруашалық саласындығы субсидиялау саясаты бойынша

2022 жылы 9  қарашада жарияланды                                        


Қазақстан Республикасының


Премьер - Министрі

 Ә. А. Смайыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы !

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мемлекетіміздің басты бағыты болып қала беретіндігін баса айтты.

Біздің өңірлерге сапарларымызда аграрлық сала өкілдері ауылшаруашылық министрлігінің субсидия саясатына көңілдері толмайтындығын  жеткізуде.

  Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгінде субсидиялау жүйесінде мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларын алып тастады, кейбір жеңілдіктерді кредит беру және инвестициялық субсидиялармен алмастыратын жаңа тәсілдерді әзірледі.

Осы өзгерістердің қатарында  инвестициялық субсидиядан құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) субсидиялауды алып тастау ұсынылады, бұл инвестициялық субсидияны тиімсіз етеді, ал жалпы саланың өзі инвестициялық тартымсыз.

Министрлік 2023 жылдан бастап өңірлерге беруді жоспарлап отырған тауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша да терең сыни жағдай қалыптасуда.

Айрықша субсидиялар төлемдерін, әсіресе импортқа тәуелді өнімдер бойынша облыстық деңгейге беру олардың күшін жоюмен тең.

Qoldau.kz порталының талдамалық деректері бойынша тауар субсидияларын алушылар жыл сайын шамамен 30 - 40 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері болып табылады. Егер шағын және орта бизнеске жататын әрбір кәсіпорын қызметкерлерінің орташа саны шамамен 40 - 60 адамды құраса, онда тұтастай алғанда субсидиялаудың бұл түрі 1,8 миллионнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен және жалақымен қамтамасыз етеді.

Міне, министрліктің шалыс қадамынан қаншама адам, жанұя зардап шегеді!

Тауарлық субсидияларды жергілікті деңгейде беру бірінші кезекте қажетті өнімдерге бағаның өсуіне, оларды өндіру көлемінің төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соғады. Ал бұл, өз кезегінде, импорт көлемінің өсуіне, еліміздің азық - түлік қауіпсіздігіне қатер төнуіне әкеледі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ осы кезеңде субсидиялаудың түрлері мен бағыттарын өзгертуге жол бермеу туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің көптеген өтініштерін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында бүгінгі қолданыстағы субсидиялау жүйесін, оның ішінде тауарлық-спецификалық және қаржыландыру көздерін сақтай отырып, 2026-жылға дейін өтпелі кезең қарастыру жөн деп санаймыз.

Халықты дүрліктірмеу үшін министрлік, ұлттық жобаға қосымша өзгерістер дайындап, тек сонан кейін субсидиялаудың жаңа тәсілдерін енгізгені дұрыс.

Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге басталған жобаларды аяқтауға және жаңа жағдайларда қызмет жолдары мен тетіктерін пысықтай отырып, мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесіне көшуге дайындалуға мүмкіндік береді.

Азық - түлік қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін аграрлық сектор өкілдерінің пікірімен санасу өте дұрыс.

          Аталған мәселе бойынша заңда көрсетілген мерзімде жауап беруіңізді өтінеміз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Amanat» партиясының фракция мүшелері       

Е. Саиров

Қ. Абасов

А. Бердалин

А. Сарым

"  Т. Мұхсинова

'   74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz