Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жанар - жағар майдың тапшылығы мен бағасы туралы

2022 жылы 7 қыркүйекте  жарияланды                                        

Қазақстан Республикасы

 Бас прокуроры Б.Н.Асыловқа

 

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

төрағасы

М.Т. Омаровқа

Депутаттық сауал

Көктемгі және күзгі егіс науқандарында жанар - жағар майдың тапшылығы мен бағасының күрт өсуі әдетке айналды.

Биыл да біз осы сорақы жағдайды бастан кешіп отырмыз!

Дизель отыны тоннасы кей жерлерде 500 мың теңгеге жетіп отыр!

Өзі қымбатшылықтан қиналып отырған халыққа шаруа қожалықтары мен фермерлерге бұл «жығылған үстіне жұдырық» екендігі сөзсіз.

Жанар - жағар майдың үздіксіз тапшылығы мен бағасының күрт өсуінің  себебі ұйымдасқан картельді келісімдер, реваншисттік күштердің Мемлекет басшысының саясатына қасақана саботажында деген пікір бар.

Мұнай өңдеу зауыттары мұнайды өңдеудің бағасын өсірмеген, соған қарамастан дизель отынының, бензиннің бағасы шарықтап кетті!

Яғни, мұнай өңдеудің барлық циклін жіті тергеп - тексеру қажет!

Олигархиялық ұйымдасқан топтардың құқынына балта шабу халық талабы!

Осы орайда Бас Прокуратура мен Агенттік бірлесе отырып:

1.Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу бағытын, жанар-жағар майды сатушыларды «ұйымдасқан картельдік келісу» фактілеріне тексеру жүргізу керек.

2.Жанар - жағар майды сатушы компаниялардың дизель отыны, бензинге әдейі жетіспеушілік ұйымдастыру мүмкіндігіне тергеу жүргізуді талап етеміз!

3.Мұнайды өңдеуге берушілер мен мұнайды сатушылардың шеттен шыққан алыпсатарлық фактілері болса, олар заң алдында қатаң жауап берулері қажет!

4.Жанар - жағар май аясындағы баға саясаты ақылға сыйымды, әділетті,  халыққа түсінікті болуы қажет!

Депутаттық сауалды қарастыра отырып заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«AMANAT»  партиясының фракция мүшелері                 

Е. Саиров

Е. Бейсенбаев

А. Сарым

 

 

 

"   Т. Мұхсинова

'   74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz