Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚазҰАЗУғимараттарын мемлекеттік меншікке қайтару туралы

2023 жылғы  14 маусымда жарияланды

Қазақстан Республикасы

 Бас Прокуроры

 Б.Н. Асыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Берік Ноғайұлы!

        

«AMANAT» партиясы еліміздегі заңсыз иеленген активтерді қайтару мәселесіне ерекше назар аударады.

Жақын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ оқытушы-ғалымдары «AMANAT» партиясына университеттен заңсыз шыққан активтерді оқу орнына қайтару жөнінде жүгінді. 

         Университет  ұжымы басқа меншік иелеріне  заңсыз өткен активтер тізімімен таныстырды. Бұл тізімге - 3 студенттік жатақхана (1000 төсек-орынға), 5 оқу-зертханалық корпус (18828,5 ш.м,) әкімшілік-шаруашылық ғимараттар және өзге де жылжымайтын мүлік объектілері (700 ш.м.), университет ғимараттарына іргелес жер учаскелері (шамамен 5 га), Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылықтарындағы жер учаскелері (12 га).

         2006 - 2007 жылдары «Ирида Инвест» ЖШС Оқу-спорт кешені және іргелес жер учаскелері бар стадионды, оқу және әкімшілік ғимараттарды, аяқталмаған құрылыс объектісін және Абай, 28 мекенжайы бойынша жер учаскесін, сондай-ақ Абай, 8 мекенжайы бойынша учаскесі бар Әкімшілік-шаруашылық ғимараттарды меншікке алды. Стадион маңындағы учаскелердің бірінде «Exclusive DUET» тұрғын үй кешені пайда болды. Сондай-ақ, кездесу барысында ЖОО басшылығы университет аумағында «РАМС-Қазақстан» ЖШС көппәтерлі тұрғын үй сала бастағанын, алайда жақын маңдағы үйлер тұрғындарының, оқытушылар мен студенттердің талабы бойынша құрылыстың 2021 жылы тоқтатылғанын хабарлады.

         Анықтама: «Ирида Инвест» ЖШС құрылтайшылар арқылы «РАМС-Қазақстан» ЖШС-мен байланысты. Біріншісі тұрғын емес ғимараттар салуға маманданған және 2015 жылдан бастап шамамен 11,4 млн теңге салық төлеген. Оған активтерді беру кезеңінде Компанияның тең құрылтайшысы белгілі «Базис-А» ЖШС құрылыс корпорациясы болды. 2017 жылы ол құрылтайшылар құрамынан шықты, қазір «Ирида Инвест» ЖШС иесі және басшысы Баимбетова Динара Алматқызы болып табылады. Ол-бірқатар басқа құрылыс фирмаларының басшысы және құрылтайшысы, сондай-ақ «РАМС-Қазақстан» ЖШС құрылыс компаниясының тең иесі Баимбетов Алматы Олжабайұлының қызы. Агрономия факультетінің студенттік жатақханасы - ЖОО мәліметтері бойынша, тұрғын үйге айналдырылды және оны кейбір «жеке тұлғалар» жекешелендірді. Қазір үйдің бір бөлігін «IBIS» қонақ үйі алып жатыр, сонымен қатар бірінші қабатта барлар мен караоке орналасқан.

         «Зооинженерия» факультетінің студенттік жатақханасы - ортақ үлестік меншікте, жер пайдаланушы бойынша деректер жоқ, нысаналы мақсаты - «фермерлерді даярлау орталығы». Сондықтан мекен-жайы «ХЗ» мейрамханасы («жақсы мекеме»).

         «Зооинженерия» және «ветеринария» факультеттерінің оқу-зертханалық корпустары - бұл алты қабатты әкімшілік ғимаратта «CONCORD» бизнес орталығы орналасқан.

         Бұрынғы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» факультетінің оқу корпусының бір бөлігі - 2001 жылғы маусымда «ҚР Үстел теннисі федерациясы» ҚБ меншігіне берілді (мемлекеттік меншікті сатып алу-сатудың №1963 шарты бойынша). Содан кейін үстел теннисі федерациясын Сергей Рыжков басқарды, ал қазір Тимур Құлыбаевтың серіктесі Данияр Әбілғазин басқарды.

         «Зооинженерия» факультетінің студенттік жатақханасының бір бөлігі - «Қайнар» академиясы мен гүл базары орналасқан.

         Бұрынғы «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» факультетінің оқу ғимараты-2001 жылы ғимарат Халықаралық бизнес университетіне сатылды (мемлекеттік меншікті сатып алу-сату №2032 келісім-шарт бойынша).

         Ұжым өкілдері Активтерді сату немесе оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы барлық шешімдер ректор Т.И. Есполовтың (2001 жылдан 2022 жылға дейін) және Алматы қаласының бұрынғы әкімі                                                 И.Н. Тасмағамбетовтың (2004 жылдан 2008 жылға дейін) тұсында қабылданды айтады.

Бас Прокуратура елімізде заңдылықты бақылап отыратын орган ретінде келесі қадамдар жасауы қажет деп есептейміз!

Заңсыз қолды болған активтерді қайтару  комиссиясы  аясында аталған ғимараттардың мемлекет меншігіне қайтарылуын жедел қамтамассыз ету.

2001-2022 жылдары осындай заңды белшесінен басып, барып тұрған бассыздыққа барған шенеуіктердің заң алдында жауапкершілігін анықтау.

Еліміздегі басқа да Жоғарғы оқу орындарының меншікті заңсыз беру мәселесіне аудит жүргізу.

    Сауалға заңда белгіленген мерзімде, дәлелді жауап берулеріңізді өтінемін.

Құрметпен,

«AMANAT» Фракциясы мүшесі                                                          Е. Саиров