Сарым
Айдос
Әміроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы

Депутатқа хат
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата көшпелі отырыста мүлік иелері бірлестіктерінің жұмысын талқылады

26 мамыр, Алматы. Алматы қаласында депутат Айдос Сарымның жетекшілігімен Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Талқылау тақырыбы мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) жұмысы туралы болды.

Отырыс басталар алдында Мәжіліс депутаттары бастаған Қоғамдық палата мүшелері Самал-1 шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Депутат Екатерина Смышляева қоғам өкілдеріне өткен сәрсенбіде Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған пәтер иелері кооперативін (ПИК-ті) таратуды жоюға қатысты қоғамдық түзетулерді түсіндірді. Одан әрі Қоғамдық палата отырысына Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Екатерина Смышляева, Никита Шаталов және Қоғамдық палатаның басқа да мүшелері, мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Айдос Сарым бүгінде Қазақстанда азаматтық қоғам нығайып келе жатқанын айтып, ең маңызды және өткір мәселелер бойынша ашық пікір алмасып отыру қажет екеніне тоқталды. –  Бұл Палатаның алғашқы көшпелі отырысы. Біз бірден Алматыға барып, бұл мәселені қарастырамыз деп шештік. МИБ пен пәтер иелері кооперативін бір-бірінен ажыратқымыз келмейді, ортақ шешімге келуіміз керек. Қазір қоғамымыз ашық, пікірі де сан алуан. Қоғамдық палата өркениетті, партияаралық және қоғамдық пікірталастардың тиімді алаңы, – деді Қоғамдық палата төрағасы. Жиын барысында қоғам өкілдері мен депутаттар мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) мен пәтер иелері кооперативі (ПИК) жұмысындағы маңызды мәселелерді талқылады. – Бүгін біз ПИК өкілдері мен қаламыздың тұрғындарын тыңдадық. Мен өзіміздің тұрғындарға техникалық терминологияны үйретіп, түсіндіруіміз керек дегенмен толықтай келісемін. Өйткені, бүгінде пәтер сатып алғанда әрқайсымыз өз мүлкімізге жауап беруіміз керек деп ешкім ойламайды. Біз мұны әрбір пәтер иесіне жеткізуіміз керек, – деді Қоғамдық палата мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлмира Байғабулова. Сонымен қатар Қоғамдық палатаның мүшесі, Тұтынушылар Ұлттық Лигасының төрайымы Светлана Романовская тұрғын үй қоры басқармаларының жұмысына жаңа технологияларды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Отырыс соңында Қоғамдық палатаның төрағасы Айдос Сарым әрбір бастама мен ұсынылған барлық ұсынымдар мұқият қаралатынын атап өтті.   Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01

_________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі

Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50155/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі