Сарым
Айдос
Әміроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы

Депутатқа хат
Қазақстан мен Бельгия парламентшілері ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда

Қазақстандық делегация құрамында сондай-ақ Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Нұргүл Тау және Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ажар Сағандықова болды.

Қазақстандық делегацияны қарсы алған Бельгия Өкілдер палатасының «Бельгия – Орталық Азия» парламентаралық ынтымақтастық тобының төрағасы Тим Ванденпут ү.ж. мамыр айында Бельгияның бір топ депутаттарының Астана, Алматы және Ақтау қалаларына сапары Бельгия мен Еуропалық Одақ үшін Қазақстан Орталық Азия аймағында маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін көрсетті. Оның пікірінше, екі ел арасындағы байланысты нығайту ұзақ мерзімді және екі жаққа да тиімді.

Әңгімелесу барысында парламентшілер Қазақстанның көлік әлеуетін дамыту, энергетика саласындағы ынтымақтастық және басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде А. Құспан бельгиялық әріптестерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, бельгиялық парламентшілерге Қазақстанның сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Бельгия Сенатының Төрағасы Стефани Д'Оузмен жеке кездесу барысында А. Құспан Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынастардың табысты даму қарқынын атап өтті.

Кездесушілер екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді қарастырды. Парламентаралық одақ аясындағы қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.