http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4785505024828488&id=100001071131503
Қазақстан азаматы болып табылмайтын этникалық қандас талапкерлердің Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға дайындығы, сондай-ақ олардың жергілікті қоғамға бейімделуіне жағдай жасайтын Университеттердегі факультет - Дайындық бөлімі. 2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің №554 бұйрығымен университеттерде этникалық қандас жастарды жоғары оқуға түсіруге даярлайтын арнайы дайындық бөлімдері факультет болып қайта құрылды. Соңғы 3 оқу жылында дайындық бөліміне бөлінген орындар. ЖОО түсу көрсеткіші дайындық бөлімдеріндегі оқыту деңгейінің сапасын көрсетеді. Университеттер осыған назар аударса екен. Сондай-ақ, 11 жылдық қазақстандық мектеп бағдарламасын 9 айда оқып шығу мүмкіндігінің шектеулі екендігі тағы бар. Экономикалық тұрғыдан Дайындық бөліміне 1 адамға - жылына 343 мың теңге бөлінеді, осы бөлінген қаражатты тиімді ұйымдастыру мәселесі маңызды. #deputatnurotan |