Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Aikyn.kz газетінде депутаттық сауалымыз жарияланды

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4785505024828488&id=100001071131503

Құрметті достар, Aikyn.kz газетінде депутаттық сауалымыз жарияланыпты. Назарларыңызға ұсынғым келетін, келесі мәселе Қандастарымыздың білім алуына арналған Дайындық бөлімі туралы. Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер. Рахмет.

Қазақстан азаматы болып табылмайтын этникалық қандас талапкерлердің Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға дайындығы, сондай-ақ олардың жергілікті қоғамға бейімделуіне жағдай жасайтын Университеттердегі факультет - Дайындық бөлімі. 2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің №554 бұйрығымен университеттерде этникалық қандас жастарды жоғары оқуға түсіруге даярлайтын арнайы дайындық бөлімдері факультет болып қайта құрылды.

Соңғы 3 оқу жылында дайындық бөліміне бөлінген орындар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес:
1) 2018-2019 оқу жылы бөлінген грант саны – 1 200, оқуға қабылданғандар – 992 адам;
2) 2019-2020 оқу жылы бөлінген грант саны – 1 000, оқуға қабылданғандар – 1238 адам;
3) 2020-2021 оқу жылы бөлінген грант саны – 1 300, оқуға қабылданғандар – 825 адам.

ЖОО түсу көрсеткіші дайындық бөлімдеріндегі оқыту деңгейінің сапасын көрсетеді. Университеттер осыған назар аударса екен. Сондай-ақ, 11 жылдық қазақстандық мектеп бағдарламасын 9 айда оқып шығу мүмкіндігінің шектеулі екендігі тағы бар. Экономикалық тұрғыдан Дайындық бөліміне 1 адамға - жылына 343 мың теңге бөлінеді, осы бөлінген қаражатты тиімді ұйымдастыру мәселесі маңызды.
Мәселені шешу бойынша келесі ұсыныстар:

Біріншіден, дайындық бөлімінің форматын өзгерту. Ол тек қазақ тілін үйрететін курс болуы керек. Оқу мерзімін қысқыртып, офлайннан онлайн форматқа көшіру мүмкіндігін де қарастыру.
Екіншіден, талапкерлердің оқуға деген мотивациясын арттыру іс-шараларын көбейту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Үшіншіден, дайындық бөлімінде сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру, этникалық қандастармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту немесе біліктілігі жоғары мұғалімдерді іріктеу.

#deputatnurotan