Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үркер тұрғын алабына мектеп құрылысының барысымен таныстық

Қаланың барлық тұрғындары, орталықта тұратындар да, шеттегі елді мекендер де тұратындар да өмір сүруге қажетті барлық нысандарға бірдей қолжетімді болуы керек. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Астананың 25 жылдығына арналған бүгінгі бауырлас қалалар форумында сөйлеген сөзіндегі тезистердің бірі.

Өңірлердегі жұмысы аясында Мәжіліс депутаттары тұрғындарымен кездесу үшін әрқашан да ең шалғай елді мекендерге жетуге тырысады. Астанада бүгін мектептің қалай салынып жатқанын көру үшін Үркер тұрғын алабына бардық. Екі мектеп салу жоспарда бар. Қала билігі оның бірін 2024 жылы пайдалануға беруге уәде беріп отыр. 900 орынға есептелген мектептің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Ешқандай мәселе жоқ, тек түнгі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқанына жергілікті тұрғындар мен құрылысшылар арасында келіспеушілік бар.

Бүгін жергілікті тұрғындармен, мердігер компаниямен осы мәселені талқыладық. Кездесуге мәслихат депутатын да шақырдық. Соңында келісімге келдік. Нысан керек, құрылыс қарқынын төмендетуге болмайды, бірақ заңды да бұзуға болмайды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар тағы бір мәселені көтерді, ол – Үркер тұрғын алабында тұратын балалардың спорт үйірмелеріне баруы. Бұл мәселе де шешіледі.