Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
БАРЛЫҚ НАЗАР – ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жыл сайын дәл қыста басталатын жағдай – ол жылумен қамтамасыз ету мәселелері. Өкінішке орай, бұндай жағадай еліміздің әр аймақтарында болып тұр. Жазда жылу электр орталығын, жылу жүйелеріндегі жөндеу жұмыстарын тексереміз, дайындық туралы хабарламаларды аламыз, ал қыста, әдеттегідей, керісінше болып шығады. Көптеген мәселелерді «қол режимінде» шешуге тура келеді. Бұл мәселе бойынша Үкімет деңгейінде бір емес, бірнеше жиын өтті. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамытуға арналған кеңесінде бұл мәселені тағы да көтерді.

Бүгін Атырау жылу электр орталығының өкілдерімен кездесіп жылу беру маусымына дайындық барысымен таныстым. Жылу электр орталығының өкілдері түсіндіргендей, электр қуатының тапшылығын шешу үшін жыл соңына дейін 125 мегаватқа ұлғайту күтілуде, оның ішінде 60 мегаватт газ турбинасы және 65 мегаваттық 13-ші турбоагрегаты іске қосылуы. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жөндеу науқаны аясында 3 қазандық пен 2 турбоагрегатты жөндеу жоспарлануда. Бұл ретте бір қазандық агрегат пен бір турбоагрегат толық жөндеуден өтті. Қалған жоспарлы энергетикалық жабдықты жөндеу деңгейі 5-15% құрайды. Жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігін ескертіп айттым.

Дегенмен, мекемеде бірқатар проблемалық мәселелер де бар. Оның ішінде – Жайық өзенінің тайыздануы, яғни өзеннің суы турбиналық конденсаторларды салқындату үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, жоғары білікті кадрлардың кетуі. 2018-2022 жылдар аралығында әртүрлі себептермен 800-ден астам қызметкер жұмыстан шығып кетті, оның 80%-ы жұмысшылар. Бұл да мәжіліс депутаттарының үнемі назарын аударып жұрген үлкен мәселе.