Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАРДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Кезекті кездесуді «Атырау жылу желілері» мекемесінің өкілдерімен өткіздім. Біз жыл беру маусымына дайындық деңгейінен бастап, қызметкерлердің жалақысы және де мамандар тапшылығына дейін кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Бұл сұрақтар өзара байланысты. Қызметкерлердің жалақысы төмен болғандықтан кадрлардың тұрақтамауы тап болады. Бүгінде сауатты слесарь табу қаншалықты қиын екенін бәрі білетін сияқты. Ал иығында, дәлірек айтсақ, кәсіпорын жұмысшыларының қолында бір үйдің емес, бүкіл қаланың жылу желілері артылған. Мен барлық деңгейде осы мәселелер бойынша жұмысты жалғастыратын боламын.

Кездесу барысында өндіріс мәселелеріне баса назар аударылды. Жылу желілеріндегі негізгі жұмыстармен қатар орталық жылу стансасындағы жабдықтардың электромеханикалық бөлігін жөндеу және ревизиядан өткізу, бақылау-өлшеу аспаптарын алу, тексеру және реттеу жұмыстары, жылу пункттерінде және жылу магистральдарында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жылу қызметкерлері сендіргендей, жұмыс 1 қазанға дейін аяқталады. Сонымен қатар, «Атырау жылу желілері» кәсіпорны 2023-2030 жылдарға арналған магистральдық және тарату желілерін қайта құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Бұл бағдарлама шарттары мен қаржыландыру көздері әртүрлі үш негізгі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім – 2023-2025 жылдарға арналған ағымдағы инвестициялық бағдарлама арқылы жылу желілерін қайта құру және жаңғырту. Екінші бөлім – бюджеттік кредиттеу бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің сметалық қаражат есебінен жүзеге асырылатын және қайтару механизміне сәйкес 20 жылға 0,01% пайыздық мөлшерлемемен және 6 жылдық жеңілдік кезеңмен тарифтер арқылы қайтарылатын іс-шаралар. Үшінші бөлім – атап айтқанда, «Атырау жылу желілері» балансында тұрған 15 мың шақырымнан астам жылу желілерін қаланың коммуналдық меншігіне беру шаралары. 2023-2030 жылдар аралығындағы барлық қаржыландыру көздерін есепке алғанда барлығы 58 шақырымға жуық магистральдық және таратушы жылу желілері ауыстырылады, барлық іс-шараларды жүзеге асыруға 17 199 млн.теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Бұдан басқа, компания өкілдері атап өткендей, қаланың дамуын, тұтынушылардың көбеюін және қосымша жүктемелердің пайда болуын ескере отырып, Жайық өзені арқылы өтетін технологиялық көпірді жобалау және салу бірінші кезектегі жұмыстардың қатарында. Орталық көпір құбырларының өткізу қабілетін арттыру үшін құбыр диаметрі 500 мм және 700 мм технологиялық көпір құрылысының жобасы әзірленіп, сараптамаға дайын. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың шешімі қажет.

Бұл мәселені аймақтын басшылығымен қосымша талқылайтын боламыз.