Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ: ЕҢ БАСТЫСЫ ЭКОЛОГИЯ

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы кездесу бүгінгі жұмыс кестемдегі ең маңызды кездесулердің бірі. Өйткені, мекемеде қалыптасқан жағдай іс жүзінде күн тәртібінен түспейді. Бұл экология және де MAЭК-тегі тоқтау нәтижесінде болған жақындағы апат. Осының барлығы жалпы энергетика саласындағы проблемаларды тағы да айғақтайды. Осыған байланысты біз тағы да энергетика саласын дамытудың нақты кешенді жоспарын әзірлеу қажеттілігіне қайта ораламыз. «Атырау Жарық» және «KEGOC» басшыларымен бірге Атырау мұнай өңдеу зауытын сенімді электр энергиясымен жабдықтау мәселелерін талқыладық.

Кездесуде елді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Негізгі назар, әрине, экология тақырыбына аударылды.  Мен бұл мәселені көптен бері өзімнің депутаттық бақылауымда ұстаудамын, бірнеше рет депутаттық сауал жолдағанбын. Жағдайдың бір күнде шешілмейтіні анық, бірақ, экологиялық іс-шаралар жоспарын жасап қажет. Экологиялық кодекске сәйкес, 2025 жылдан бастап ЖҚТ (ең жақсы қолжетімді технологиялар) енгізу қажет болады.

Күрделі мәселелердің бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытының айналасындағы санитарлық-қорғау аймақты кеңейту. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік нысандарынан 1000 метрден аз қашықтықта орналасқан. «ГеоПортал» ақпараттық жүйесінің мәліметінше, бүгінде зауыттың санитарлық-қорғау аймағында 40-тан астам тұрғын үй қалған. Бұл мәселені кешенді түрде шұғыл шешу керек деп ойлаймын.

Бұдан басқа, санитарлық-қорғау аймақтың периметрі бойынша шығарындыларды онлайн есептегіштері орнатылған. Жыл соңына дейін құбырларға түтін газдарының шығарындыларын бақылаудың автоматты жүйелері орнатылады. Бүгінгі таңда мекмедегі жағдай тұрақталып, алдағы бірнеше айдың ішінде жобалық қуаттылыққа шығу жоспарда бар.