Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Атырау жылу электр орталығының ұжымымен кездесу

Мәжіліс депутаттары жаңа жылдың жұмыс аптасын аймақтардағы тұрғындармен кездесулерден бастады.

Проблемалық мәселелер бойынша алғашқы талқылауларымды Атырау жылу электр орталығының ұжымымен өткіздім.

Жылыту маусымы қызу жүріп жатыр, сондықтан, оның үздіксіз өтуі ерекше бақылауда.

Көптеген өзекті тақырыптар бар: ағымдағы жұмыстардан болашақтағы жұмыстарға дейін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды маңызды мәселелер қатарына қойды.

Қазір Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, жылу электр стансаларының иелері осы жұмыспен айналысуда.

Соның бірі – «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы. Өткен жылы салаға 220 миллиард теңгеге жуық жеке инвестиция тартылып, республика бойынша 6 мың шақырымға жуық инженерлік инфрақұрылым мен 77 жылу көзі жөнделді.

Тағы бір тетік әзірленіп жатқан заңнамалық түзетулер болуы мүмкін, оған сәйкес жылу электр станциялары мен басқа да табиғи монополиялар объектілерінің иелерін сапасыз жабдық пен және сапасыз жөндегені үшін жазалау жоспарлануда. Атырау жылу электр орталығында басқа да мәселелер талқыланды. Соңғы жылдары Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендігі жылу электр орталығының электр қуатының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты суды салқындату және оны қайта пайдалану үшін градирняны тез арада салу қажеттілігі туындап отыр. Энергетиктер қазандық қондырғыларымен, турбиналар және генераторлармен бірге қуат нарығы жобаларына градирняны заңнамалық түрде енгізуді ұсынады.

Бүгін «Атырау жылу желілері» мекемесінің жұмысымен де таныстым.

Мұнда тарифтік сметада қарастырылған жөндеу қорынан және 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламада көзделген қаражат есебінен 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Атырауда 16 шақырымнан астам жылу желілерінің құбырлары ауыстырылды, 52 жабдықтар (сорғылар, ыстық су жылу алмастырғыштар). Жылу желілеріндегі негізгі жұмыстармен қатар жабдықтың электромеханикалық бөлігін жөндеу және тексеру жұмыстары да жүргізілді.

Ағымдағы 2024 жылы жөндеу қоры мен инвестициялық бағдарлама есебінен тағы 17 шақырым жылу желісіндегі құбырларды ауыстыру жоспарлануда.

Атырау қаласының оң жағалау бөлігін жылумен қамту мәселесі әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, жылу желілерін ұзақ мерзімді дамытуға қатысты мәселелер шешімін күтуде, өйткені бұл жаңа коммуникациялық көпір мен жылу желілері құбырларын салу орнын анықтауға, сондай-ақ, қолданыстағыны кеңейту және жаңа қазандық салуға байланысты. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде: қазандық аумағын кеңейту үшін жер учаскесі белгіленді, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық құжаттама әзірленуде, сараптама. Жергілікті билік тарапынан кейбір шешімдер күтілуде. Қосымша қаржыландыру да қажет. Дегенмен, қаланың даму қарқыны мәселелерді шешуді жеделдетуді талап етеді. Ал қазір жылу желілері басшылығының айтуынша, қаланың барлық жылу желілері орналасқан жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту және осы жерлерге мемлекеттік актілерді жаңадан рәсімдеу өзекті мәселе болып тұр.

Кездесулер барысында көтерілген тағы бір мәселе жылу желілері, ғимараттар мен құрылыстар алып жатқан жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту бойынша қызметтердің қымбаттауы болды. Қазіргі уақытта 200-ге жуық мемлекеттік актіні жалға беру мерзімі 2023 жылы бітті, бірақ, бұл мәселенің қаржылық жағы әлі шешілген жоқ.

Кадр тапшылығы да талқыланды. Бұл мәселе мамандарды даярлаудан бастап, оларды жұмыс орнында ұстауға дейін үнемі назар аударуды және мақсатты жұмысты талап етеді.