Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АУЫЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Әр іс-сапарда мен әлеуметтік мәселелерге, соның ішінде, медициналық көмек, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету сапасына әрқашанда ерекше көңіл бөлемін. Мақат ауданында да бұл мәселелер менің басты назарымда болды.

Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бардым. Бұл жерде, әрине, қарттар мен мүгедек балаларды емдеуге, оңалтуға жағдай жасалғанымен, проблемалар да бар. Соның бірі – автобустың жоқтығы. Ұжымы маған осы мәселені шешуге көмектесуімді өтінді.

Бүгін Мақат аудандық ауруханасының жағдайымен де таныстым. Аурухана ғимараты 1990 жылы салынып, соңғы рет 2015 жылы жөндеуден өткен. Бұған қоса өз бетінше қозғала алмайтын науқастарды көтеруді қиындататын тар дәліздер мен лифттің жоқтығы сияқты көптеген проблемалық мәселелер бар. Тамақтандыру бөлімі де заман талабына сай емес. Ал ауруханаға деген сұраныстың дәлелі – дәл осы жерге көршілес аудандардағы жолдарда жол апатынан зардап шеккендердің жиі әкелінуі. Сондықтан, жаңа аурухана салу қажет деп есептеймін. Кадрлармен, әсіресе тар мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз ету мәселелері де өзекті болып тұр. Жалпы, өңірде Кешенді жоспар мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 30-ға жуық жаңа үлгідегі заманауи медициналық нысандарды салу жоспарлануда. Бұл маңызды көрсеткіштер, бірақ, қазіргінің барын жаңғырту бойынша жұмысты күшейту қажет. Мен бұл мәселені бақылауға алып, облыс басшылығымен талқылауды көздеп отырмын. Демек, Атырау облысында медицина мамандарын тарту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Қалалық медициналық ұйымдарға келетін мамандарға біржолғы 3 миллион теңге, ал ауылдық медициналық ұйымдарға келетін мамандарға 5 миллион теңгеден төлеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, «Отбасы банкі» АҚ арқылы дәрігерлерге де жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылып жатыр. Бұл бағдарлама бойынша хирург, анестезиолог, реаниматолог, инфекционист, травматолог, невропатолог және т.б медицина мамандары баспана ала алады. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері болуы керек. Барлық аймақтардың ішінде бұл бағдарлама Атырау облысында алғаш рет іске қосылып жатыр.