Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ – БҰЛ «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Өңірлердегі іс-сапар кезінді тек мәселелерді талқылау ғана емес, сонымен бірге, оларды шешіп, нақты нәтижелерін көру де біз үшін өте маңызды.

Бүгін мен Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округінің Шеңгелді ауылының тұрғындар үшін маңызды бір шараға қатыстым. Мұнда жаңа газ құбыры іске қосылды. Айтпақшы, Шеңгелді ауылындағы бұл айтулы сәт Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралардың бастауы болды.

Жалпы аудан бойынша газдандыру деңгейі 98 пайызды құрағанымен, стансада тұратын 58 тұрғын үшін бұл үйлерін газбен жылытудың мүмкіндігі. Осы уақытқа дейін үйлерде пештер пайдаланылды, бірақ, газ құбыры қауіпсіз және, ең бастысы, жылытудың экологиялық таза әдісін қамтамасыз етеді.

Шеңгелді ауылының шағын халықы негізінен теміржол саласында жұмыс істейді немесе, мал шаруашылығымен айналысады, сондықтан, заманауи жылыту әдісі өте өзекті және көптен күткен болатын. Елді мекендерді газдандыру мәселелері «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасында ең маңызды сұрақтардың бірі. Ал, олардың шешімі еліміздің барлық өңірлеріндегі партия мен Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында.