Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымымен кездесу

Көшпелі жұмысымды Атырау облысының Мақат ауданында жалғастырдым. Осы жерде «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымымен кездестім. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік бөлімшесі 1911 жылы құрылған, сондықтан, басқарма үшін сарқылып жатырған кен орындарына тән мәселелер өзекті. Бүгінгі таңда басқарманың 7 кен орнында мұнай өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесуде 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге ерекше назар аудардым. Біз, Парламент депутаттары тобы бастамашы болған түзетулер блогының бірі, дәл осы, өндірісті сақтауға және сарқылып жатқан кен орындарын тиімді пайдалануға бағытталған. Мұнайдың жоғары тұтқырлығы мен судың кесіндісін қоса алғанда, мұндай кен орындары ретінде жіктеу критерийлері анықталды. Бұл фискалдық қолдауды қажет ететін кен орындарды нақты жіктеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, салықтың төрт түрін (пайдалы қазбаларды өндіру салығы, рента салығы, үстеме пайда салығы және тарихи шығындар) алмастыратын «балама салық» режиміне өтуі үшін Салық кодексіне енгізілген өзгертулерге қатысты алдағы заңнамалық жоспарлар туралы да айтып бердім. Осы салықтар бойынша ықтимал үнемдеу есебінен жер қойнауын пайдаланушының кен орнын инвестициялауға немесе ауылдың немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оны күтіп ұстауға және инфрақұрылымға жіберуге мүмкіндігі болады деп жоспарлануда. Доссор ауылы үшін бұл әсіресе өзекті, сондықтан қабылданған және әзірленген барлық заңнамалық түзетулердің халық үшін «жұмыс істеуі» маңызды. Сонымен қатар, сарқылып жатырған кен орындарын қолдау жұмыс орындарын сақтайды. Ал «Доссормұнайгаз» кәсіпорнында 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Кездесу барысында Мақат пен Доссор аумағында орналасқан сортаңдарды кәдеге жаратудың экологиялық жағдайына кері әсерін жою мәселелері де, Атырау облысындағы көлік жолдары да, Жайық өзені мен Көкжиде жер асты суы кен орындарының мәселелері де, су ресурстарын үнемді және ұтымды пайдалану мәселелері және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.