Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Атырау-Астрахань" тас жолының құрылысына байланысты мәселелерді талқыладық

Атырау облысының Құрманғазы ауданына іс-сапарым Атырау-Астрахань тас жолының құрылысына байланысты мәселелерді талқылауға, сонымен қатар, аудан тұрғындарымен кездесуге арналды. Стратегиялық маңызы бар жолдағы жұмыстардың басым бөлігі аяқталды, бірақ, аяқталу мерзімі тағы да келесі жылға шегерілді. Себептері баяғы сол – жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, қиыршық тасты тасымалдайтын вагондардың жетіспеуі және тағы да басқа себептер. Олардың кейбірі жол бойындағы инфрақұрылымға қатысты. 2024 жылға көпірлер, малға қарсы қоршаулар, сондай-ақ, мал айдау жерлері және абаттандыру жұмыстары жоспарланған, бірақ, жергілікті тұрғындар үшін бұл қауіпсіздікке тікелей байланысты, сондықтан ерекше алаңдаушылық тудырады. Атап айтқанда, жолдың кейбір учаскелерінде елді мекендер арасында жаяу жүргіншілер өткелдері жоқ. Бұдан басқа, теміржол вокзалынан инертті материалдар тасымалданған жолдарды қалпына келтіру қажет. Жол құрылысының сапасына қатысты мәселелер бөлек талқыланды. Қазір Парламентте жол жамылғысының кепілдік мерзімін ұзарту мәселесі қаралып, заңнамалық өзгерістер дайындалуда.