Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Құрманғазы ауданында тұрғындармен кездесу

Бүгін Құрманғазы ауданында тұрғындармен кездесу өткіздім. Президент қол қойған жаңа заңдар туралы, сондай-ақ, депутаттар пысықтап жатқан заң жобалары туралы айтып бердім. Соның ішінде, «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін пысықталып жатқан заң жобалары да туралы.

Құрманғазылықтардың тілектерімен қоса оларды алаңдататын мәселелерінде де тыңдадым. Соның бірі – Шарон өзенінің үстіне жақында салынған көпір астын тазартуға қатысты. Бұрынғы құрылыстардың қалдықтары өзенді ластайды және балықтардың уылдырық шашуына кедергі келтіруі мүмкін. Тағы бір мәселе – Қадырқа ауылындағы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағына сыртқы жарықтандыру және аялдама салу. Жергілікті тұрғындарды Күмісбек кен орны аумағындағы және де Еңбекші ауылдық округінің 7-8-ші разъезд арасындағы жердің экологиялық жағдайы да алаңдатады. Қазірдің өзінде белгілі бір шаралар қабылданды. Осылайша, өткен жылы Күмісбек кен орнында өндіруге келісім-шарт жасалған компаниямен қоршаған ортаға экологиялық залалды жою және жерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі қарастырылуда. «Аскер Мунай» ЖШС, «Светланд Ойл» ЖШС, «Тобеарал Ойл» ЖСШ-мен жасалған меморандум аясында жерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастауға болады. Құрманғазылықтар адамдарға және үй жануарларына шабуыл жасайтын жабайы иттер мәселесін де көтерді. Мердігерлердің жұмысты орындауына қатысты да күрделі мәселелер көтерілді. Құрманғазылықтардың ойынша мердігерлер жергілікті болуы тиіс. Мәселе мемлекеттік сатып алулар мен заңнамадағы өзгерістерге қатысты. Тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатырған «Павлодар өзен порты» АҚ мердігер ұйымына, атап айтқанда, олардың сапасына қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Бұл тақырып ең өзекті тақырыптардың бірі екенін айта кету керек. Биыл Жайық-Каспий каналын тереңдету бойынша ауқымды жұмыстар көзделген. Бұл арнаның тереңдігін 2,5 метрге дейін арттыру жоспарлануда. 2025 жылы жұмыстар аяқталған соң канал Транскаспий халықаралық транспорттық дәлізіне қосылады. Осындай жұмыстар Қиғаш өзенінде де жүргізілмек. Аудан тұрғындарымен талқыланған тағы бір тақырып – кәсіпкерлікті дамытуға грант алу. Халықтың айтуынша, көптеген игі идеялар шешім қабылдайтын арнайы комиссия тарапынан қолдау тауып, мақұлдамайды. Мал өсіретін шаруашылықтарды қолдау, шалғайдағы шаруашылықтарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жайлы да әңгімелестік. Сонымен қатар, аймақтық коэффициентті қосу туралы мәселелер көтерілді. Ал бұл, өз кезегінде, әр облыста ерекшеленетін жалақы мөлшерімен байланысты. Ал жастар үшін бұл өте маңызды, өйткені ұсынылған жалақы оларға сәйкес келмейді.

Бір сөзбен айтқанда сұрақтар көп.