Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ – ТЕК ҚАНА АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҮШІН ҒАНА МАҢЫЗДЫ ЕМЕС

Қызылқоға ауданындағы «Тайсойған Батыс Миялы аймағы» ұзындығы 73,5 шақырым болатын су құбыры құрылысының барысымен таныстым. Қазіргі таңда Миялы, Жангелдин, Жасқайрат ауылдарына ауыз су Қарасу жерасты бұлағынан тартылған. Соңғы жылдары ұңғымаларды өндіру айтарлықтай төмендеді. Тұрғындарды үздіксіз және тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында топтық су құбырын тарту туралы шешім қабылданды. 2022 жылы мердігер «Сапа құрылыс 2007» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған, бірақ материалдар мен құрал-жабдықтардың қымбаттауына байланысты жұмыс басталмаған. Жобалық-сметалық құжаттаманы түзетіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, биылғы жылдың бюджетіне енгізу керек, екені анық. Өйткені, бұл су құбырының іске қосылуы, біріншіден, Миялы, Жангелдин және Жасқайрат ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешсе, екіншіден, Қызылқоға ауданының су құбырларын «айналымға алуға» мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ақтөбе облысындағы Кереген су алғышынан Сағыз ауылына дейін ұзындығы 30 шақырым болатын жаңа су құбырын тарту қажет. Ол үшін 2024 жылдың қыркүйегіне дейін жобаны әзірлеуді жеделдетіп, оны келесі жылдың бюджетіне енгізуге үлгеру үшін Мемлекеттік сараптамадан өткізу қажет.

Ералы су торабының жай-күйімен де таныстым. Қазіргі таңда ұзындығы 1060 метр арна төсенішін «Бес Есік» шлюзінен No3 Жанқабай шлюзіне дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, мұнда да проблемалар бар: арна қабырғасының еңіс топырағы арнайы техникамен тығыздалмаған, шлюзге керек қажетті мөлшердегі темірбетонды су өткізгіштердің қажетті саны және де басқа да бірқатар кемшіліктер бар. Ал Тасшағыл-Қосқұлақ елді мекендері арасында жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша өр суды Арал және Бәйтік көлдеріне жеткізу үшін арна қазу жоспарлануда. Қазіргі уақытта бұл жұмыстарды жүргізудің техникалық негіздемесі дайындалуда. дайындалған соң жобаны әзірлеу бойынша ұсыныс Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданатын болады.

Мен бұл жобалардың барлығын өзімнің депутаттық бақылауыма аламын.