Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Атырау қаласында азаматтарды қабылдау

Өңірдегі жұмыс барысындағы тұрғындармен әрбір кездесу іс жүзінде азаматтарды қабылдауға айналады. Әсіресе, мен әрқашан да атыраулықтармен қарым-қатынастың бұл түріне ерекше назар аударамын, өйткені, әрбір жағдайды «талдау», адамдармен сөйлесу, шешімді ұсыну немесе мәселені бақылауға алу және одан әрі пысықтау мүмкіндігі бар.

Бүгін мен Атырау қаласында азаматтарды қабылдау өткіздім. Күрделі мәселелер көтерілді: құмар ойындарға тәуелділік, синтетикалық есірткінің таралуы, халықтың қарыздық жүктемесі. Есірткінің таралуының алдын алу және жолын кесу, оның ішінде, қоғам өкілдерін осы зұлымдықпен күресуге тарту бойынша қандай заңнамалық шаралар әзірленіп жатқанын айтып бердім. Қарыз мәселесіне де ерекше көңіл бөлдім. Мәселені шешу үшін «АМАNАТ» партиясының аймақтық филиалындағы әріптестер тартылды, олар әр нақты іс бойынша кеңес алу үшін заңгерлермен және мамандармен кездесу ұйымдастыруға көмектеседі.

Халық көрсетілетін қызмет сапасына да наразы. Мысалы, қоқыс шығару тарифтерін көтергенімен, қоқыс уақытында алынбайды. Ал Жаңаталаптағы саяжайлардың тұрғындары жарық беруінің үзілуін сезінуде. Бұл мәселелерді облыс басшылығымен және де «Атырау-Жарық» басшылығымен қосымша талқылайтын боламын.

Сұрақтардың жеке жиынтығы мектептегі тамаққа қатысты болды, олардың сапасы да тұрғындардың көңілінен қалуда. Қоғам белсенділері мониторингтік топ құруды сұрайды. Ата-аналар да балаларына тәрбиешілерден қосымша білім алу қажеттілігіне алаңдайды - бұл үшін төлеуге кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді. Тағы бір мәселе – денсаулық сақтау, дәлірек айтсақ, оны жеке емдеу мекемелеріндегі басқаруы.

Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – қызылша ауруы. Тұрғындар қызылшамен ауыратын балалардың ата-аналарына медицина қызметкерлерінің орынсыз әрекеттеріне тап болатынына шағымданады. Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру механизміне қатысты көптеген сұрақтар да бар.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтардың әр қабылдауында дерлік көтерілетін мәселе. Бұл түсінікті, өйткені, 2020 жылдан бастап баспана аз мөлшерде салынуда. Биыл Талғайранда үлкен ықшамауданды пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл кезектегі жағдайды жақсартады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басшылығына және облыстық Полиция департаменті басшылығына жолданатын тағы бір мәселе – мамандандырылған ХҚКО-ның қанағаттанарлықсыз жұмысы. Ал бұл бүгінгі қабылдауда атыраулықтардың көтерген мәселелердің бір бөлігі ғана.